Анасының қызына міндетті түрде айтуы керек кеңестер
1. Өмірің мен көңілің тыныш болмаса, дүние мен байлықтың сені бақытты етер күші жоғалады.
2. Өмір жолында қандай қиын проблема туындаса да, ол ұзаққа созылмайды және мұнымен өмір шегіне жете қалмайды.
3. Өзіңді өзгелермен салыстыра берсең, өзіңді де жоғалтып аласың. Өзіңде барыңмен мақтан, өзгенің де комплексі барын ұмытпа.
4. Анаңа кез келген мәселе бойынша сұрақ қойып түсіндіруін өтінуге қақың бар. Сыр сақтауға келгенде құрбыларыңнан қайран болмаса, анаңа кеп бөліс. Анадан артық сыр сандық жоқ!
5. Кімнен болса да бірінші болып кешірім сұрауға әуестен. Бұл сенің әлсіздігіңді емес, күштілігіңді дәлелдейді. Өйткені қаншама мықты адамдар реніш пен өкпені жеңе алмай жүр.
6. Үнемі күлімісіреп жүр. Күлімдеу – өмірдің сәні екенін есте сақта.
7. Реті келгенде жылап, шеріңді өз уақытында шығарып тұр. Қайғы мен мұңды іште сақтай бергенің өзіңе сор.
8. Әйел адамның бойында әртүрлі жағымды қасиет болғаны дұрыс. Көп болғаны одан да жақсы.
9. Құрбы таңдағанда мұқияттылық керек. Адамдар сені құрбыңа қарап танитынын ұмытпа.
10. Әйел адамның әдемілікке құмартуы заңдылық. Әдемі болып жүруге, сұлулықты сақтауға уақыт табуға тырыс.
11. Ер адамның намысын таптама және таптатпа.
12. Ата-анаңның қадірін олар қасыңда тірі жүргенде біліп, құрмет білдір.
13. Табиғи сұлулықтың орнын ештеңемен толтыруға болмайды. Сондықтан жас кезіңде косметиканы шектен тыс пайдаланбай, табиғи әдемілігіңді бағала.
14. Әйелдің дене бітімі – әлемнің ең әдемі жаратылыстарының бірі. Сондықтан көптің кір көздерінен ұятты жерлеріңді тығып ұста. Сәнді сүйсең де, тәнді жалаңаштама.