"Анасының рухы қолдап тұрған болар": Рахман Омар ұлын үйлендірді (видео)
Танымал актер, тележүргізуші Рахман Омар үлкен ұлын үйлендірді. Шаңырағына келін түсірген ол сүйінші жаңалықты Instagram арқылы жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
Рахманұлы Досханның таңдауы қызылордалық аруға түскен. Ұзату той Аралда өткен. Қызды әнші Гүлнұр Оразымбетова ұзатып алып шыққан.
"Әке арманы орындалды. Аллаға мың да бір шүкір. Төл басы Досханым сүйіктісін тауып келінді болдым. "Көрінген таудың алыстығы жоқ " деген осы болар.
Талай қазақ ұл-қызының қосылуына (асабалық) себепкер болып, талай ата-ананың ақ батасын алып едім. Енді міне, менің үлкен шаңырағымда ұлы қуаныш.
Анасы Гүлдерайымның да рухы төбемізде қолдап тұрған болар... Құдаларым Арал өңірінің (Қ-Орда) тумалары. Руы Әлім. Керемет жандар. Аллаға шүкір.
Осы уақытқа дейін мені қолдап келген баршаңызға алғысым шексіз", - деп қуанышты хабарды жеткізді Рахман Омар.
Айта кетейік, Рахман Омардың алғашқы некесінен үш ұлы бар. Олардың анасы Гүлдерайым Омарова 2018 жылы кісі қолынан қаза тапқан.