Әннің бағы әрлеуіне байланысты

Әннің бағы әрлеуіне байланысты

317

Қазір бір-екі клип түсіріп, сахна төрінен бес-алты рет көрінгендер жеке концерт беріп шыға келетінін көзіміз көріп жүр. Басында тосырқай қарайтын халықтың біртіндеп оған да бойы үйренді. Алайда өнердің есігінен кеше ғана кіре салып, төрге ұмтылған кейбіреулерге үлгі боларлық азаматтар әлі де бар. Мәселен, соның бірі – әнші, сазгер Естай Әлікеев. Өзінің үлкен сахнадағы өнер жолына 10 жыл толуына орай қарашаның 1-і күні Республика сарайында алғашқы есеп концертін бергелі жатқан композитормен біз осы шығармашылық кеш жайлы әңгіме өрбітіп едік.

– Сіз алғашқы есеп концертіңізді өнер өлкесіне аяқ басқаныңызға 10 жыл толғанда бір-ақ бергелі жатырсыз. Жеке концерт беруде осындай байыптылық танытуыңыздың сыры неде?

– Есіктен кірмей жатып, «төр менікі» деуге болмайды, сахна деген – өте киелі орын. Ол бізге дейінгі талай майталмандардың халыққа өз өнерін паш етіп, жүректерін әнмен емдеген жері. Ал сондай киелі жерде әрқайсымыз тайраңдап, білгенімізді істесек не болады? Әр нәрсенің өзінің пісіп-жетілетін кезі келеді. Мәселен, бүгінгі айтылатын нәрсе кеше менің ойым түгіл, түсімде де болған емес. Мен тіпті осыдан бір жыл бұрын да дәл бүгінгідей бабымда болғаным жоқ. Жұртшылық концерттен құр ән тыңдап қайтпай, бір ерекше күш-қуат, сезім, рухани азық алып қайтуы керек деп ойлаймын. Сондай рухани азық сыйлауға енді ғана өзімді толық дайын сезініп отырмын.

– Әндеріңізді өзіңіз де, өзге әншілер де орындайды. Кеудеңізді жарып шыққан «перзенттеріңізді» орындаушыларға өзіңіз ұсынасыз ба, әлде орындаушылар тапсырыс бере ме болмаса дайын дүниелеріңіздің ішінен қалап ала ма? Яғни мұндағы білгім келетіні, сіз жүрек қалауымен шабытқа ғана қызмет етесіз бе, әлде өз өнеріңізге кәсіп деп те қарайсыз ба?

– Негізі, шабытпен келген дүниеден керемет ләззат алып, біршама уақыт соған кәдімгідей масайрап жүресің. Жалпы, қандай да бір ән тудыру, өлең жазу секілді өнер менің бойымнан табылып жатса, ол Алланың маған сол аманатты сеніп тапсырғаны деп білемін. Сол аманатты қалай арқалап, кімдермен бөлісіп жүрмін дер болсақ, осы орайда мен әр туындымның өз орындаушысын тауып беруден қателеспеген сияқтымын. Мысалы, Мұқағали Мақатаевтың «Мәңгілік сағыныш» атты өлеңін оқып отырғанда менің көкірегімде өзінен-өзі ән туды. Неге екенін білмеймін, көз алдыма сол кезде тек Мақпал Жүнісова ғана келді. Одан басқа ешкімді елестете алғаным жоқ. Расында, ән өз орындаушысын тауып, бағы жанды. Көптеген көрерменнің жүрегінен орын алды. Тағы осы секілді Мұқағалидың сөзіне жазылған «Шыда-шыда», Ибрагим Исаның сөзіне жазылған «Достарым» әнін Тұңғышбай ағамыз бүгінде халыққа кеңінен таратып жүр. Осы әндерімді ең алғаш Мұқағали Мақатаевтың еске алу кешінде тыңдаған жұрт «Сен кімге қандай ән керек екенін біліп, тауып беретін психолог-композитор екенсің» деп құттықтаған еді. Соның өзі тыңдаушылар тарапынан маған берілген ең үлкен баға деп білемін.

– Әндеріңізді орындаушысына бергеннен кейін оның өңделуіне, көрерменге жеткенге дейінгі дайындалу барысына атсалысасыз ба? Жоқ, толығымен әншіге сенесіз бе?

– Мен бұрын көп араласа бермейтінмін. Бірақ әрбір ән өз ішіңнен шыққан «шұбар жылан» емес пе? Ән дүниеге келді, болды деп, бөркіңді аспанға атып қуана салмай, ән өз орындаушысын тапқанша алаңдап тұрасың. Орындаушысын тапқан соң да, өңделуіне мән бересің. Қазіргі кезде әннің бағы 80-90 пайыз осы өңдеуге, яғни аранжировкаға байланысты. Егер әрлеу дұрыс жасалмаса, онда әннің бағының ашылмауын не әннен, не әншіден, не өзіңнен көреріңді білмей, пұшайман боласың. Сондықтан бүгінде ән жазылып біткенше жаным жай таппай, әрбір процеске барынша атсалысуға тырысамын.

– Көрермен өзіңізді кинодан да көрді. Жас кезіңізде спортпен де айналысқан екенсіз. Осындай жан-жақты өнерді игеріп жүру қаншалықты пайдалы не болмаса қаншалықты ауыр?

– Мен ешқашан сегіз қырлы болайыншы осы деген емеспін, бірақ бойымда бір белгісіз күш осының барлығын істеуге итермелеп тұрғандай көрінетін. Осылардың ішінде өзімді спортқа көбірек қамшылағаным рас. Бала күнгі қаншама шақырымнан су тасып, ағаш жарып, малға қарағанымыздың өзі табиғи шынығу болатын. Қазір адамдар саусағын қимылдатуға ерінетін, тіпті сол ерінгеніне сай жағдай да жасалған заман болды ғой. Бәрі компьютерленген. Қарапайым ғана мысал, баяғыда бір жерге барып концерт қою үшін бүкіл аппаратураны арқалап бару керек болса, қазір қалтаға минидискіңді саласың да жүре бересің. Жалпы, Алла тағала қаншалықты өнер берсе, соны арқалауға жетерлік күш-қайрат, төзімді де қоса береді екен. Менің ойымша, Алланың сыйы ауырлық етпейді.

– Иә, техниканың адамзатқа барынша қолайлы жағдай туғызғаны жақсы, әрине, бірақ әлем жанды дауыстағы әнді тыңдап жатқанда, мұндай минидискілердегі жасанды, яғни алдын ала басып алынған дауыс біздің өз өнерімізді өлтірмей ме?

– Жоқ, қара домбырамыз аман тұрғанда өнеріміз өшпейді. Эстрада жанрындағылар, бәлкім, фонограммаға тәуелді шығар. Бірақ оның өзінде бұл құштарлықтан емес, шын мәнінде қажеттіліктен. Олай дейтінім, біздің концерт өткізетін сарайларымыз жанды дауысқа қызмет ете алатын аппаратурамен жабдықталмаған. Ал концерт қойған кезде соның бәрін алдыру үлкен қаражатқа келіп тіреледі. Оны екінің бірінің қалтасы көтере алмайды.

– Концертіңізде елді елең еткізерліктей қандай ерекшеліктер ойластырып жатырсыз?

– Кеш барысында классикалық, рок стиліндегі дүниелер де, өзіміздің дәстүрлі әндер де, лирикалық шығармалар да орындалады. Құдай қаласа, жанрлық жағынан жан-жақты қамтылған кеш болады деген үміттеміз.

Көптеген жаңа туындыларымның тұсауы кесіледі. «Каспий» тобы «Сағындың ба?», «Нұр-Мұқасан» тобы «Ерке қыз», Дильназ Ахмадиева «Әкетайым», Есет Сәдуақасов «Кетпе», опера әншілері Дина Хамзина мен Қайыржан Бердібаев қосыла шырқаған «Қазақстан», жас әнші Әлия Аюб нәшіне келтіріп орындаған «Әке» сияқты әндер алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылады. Сондай-ақ жақында Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Мына дүние» әніне Еркін Рақышевтің «Жетімдер» фильмі желісі бойынша түсірілген жаңа клиппен таныс боласыздар. Оған қоса, бүгін-ертең «Ән-жүрегімде» деген атпен жаңа әндер жинағым жарық көрмек.

Тағы бір айтарлығы, концертте ешкім сахнаға шығып сөйлеп, кішігірім жиналысқа айналдырып жібермейді. Демеушілерімді түгендеп, «Міне, осы адамдар менің арқасүйерлерім» деп жұртқа мақтанғанды жаным сүймейді. Ол, бәлкім, маған керек шығар, бірақ жалпы халыққа түкке де қажеті жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста