Әнші Алмас Кішкенбаевтың келбеті өзгерді
Танымал әнші, продюсер және «Қазақстан дауысы» вокальды шоуының әділ қазылар алқасының мүшесі Алмас Кішкенбаев жарты жыл бұрын түскен суретін жариялады. Фотодан жас әншінің сыртқы келбетіндегі өзгерісті бірден байқауға болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бірінші сурет өткен жылдың жазында жасалған, екіншісі таяуда ғана түсірілді. Аға мен інінің суреті секілді», - деп жазады әнші.
Естеріңізге салып өтсек, «Қазақстан дауысы» жобасынан өзге, Алмастың соңғы шығармашылық жұмыстарының бірі ретінде 26 ақпанда прокатқа шығатын «Өмір-ай» көркем фильмін атауға болады. Аталмыш картинаға қазақстандық жұлдыздар түскен.
2010 жылы отау құрған Алмас пен Мөлдірдің Зере есімді қыздары бар.
Балажан әке әлеуметтік желілерде кішкентай қызымен түскен суреттерін жиі жариялайтынын айта кеткен жөн.