Әнші Нәби арамыздан кетті

Әнші Нәби арамыздан кетті

Өзекті жанға өлім бар. Алайда ажал оғының қай сағатта, қандай жағдайда кімнің ғұмырын қыршынынан қиятынын еш пенде біле алмайтыны өкінішті!.. Қазақ эстрадасы кенеттен келген қайғыға тап болды. Алғаш жұртшылыққа «Гүлімсің», «Мектептегі махаббат» әндерімен танылған жас әнші Нәби Аймұратов небәрі 23 жасында көлік апатынан қаза тапты.

Гастрольдік сапармен Қызылордаға қа­рай жолға шыққан «Мерседес» авто­кө­лігі маусымның 15-і күні таңғы сағат 07.30 шамасында Шиелі ауданына кіре берген жерде жолдан шығып кетіп, ауда­рыл­­ған. Көлікте Нәбидің өзінен басқа бө­лесі Д.Тұрсынбеков пен әнші Еркін Нұржанов та болыпты. Рульде отырған Нәби сол жерде жан тапсырса, Еркін мен мар­құмның туысы 20 жастағы жас жігіт жер­гілікті ауруханаға жеткізілген. Бес қа­быр­ғасы сынып, бірнеше жерден жара­қат алған Еркіннің беті бері қарапты. Ал Нәбидің бөлесі ауыр халде жатыр...
Жас әншінің эстрада көгіне жарқ етіп шық­қаны сол еді, әттеген-ай, жар­қы­рап үлгерместен ағып түсті. Ата-ана, бауыр­дың қайғысын айтпағанда, жар құ­шағын жаңа ғана көрген Нәбидің ең құрығанда сәби де сүймей кеткені өкініш­ті... «Асқақ армандарын» «Аңсаған» күйі «Ақ ша­ғалаға» айналған жаны қалықтай көк­ке кө­терілді... Иманы жолдас болсын!

Нәби Аймұратов
1986 жылы туылған.
Отбасылы.
«Асқақ арман», «Аңсағаным», «Гүлімсің», «Мектептегі махаббат» және Ақбота Керімбековамен дуэт болып орын­дай­тын «Ақ шағала» секілді жұрт сүйіп тың­дайтын әндері бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста