Әнші отандық шоу-бизнестегі "гей" ағалары жайлы шындықты жайып салды
Ол тіпті бұл тұрғыдағы өзінің ұстанымына да тоқталған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Отандық әнші, рэпер Тұрар Ыдырыс шоу-бизнестегі гейлер жайлы бар шындықты жайып салды.
Отандық шоу-бизнестегі гейлер жайлы әнші Тұрар Ыдырыс "Aman Tasygan LIVE" бағдарламасында айтты. Музыка әлемінде "2RAR" атымен танылған рэпер әншілердің арасында көзқарасы мүлде басқаша жандардың барын естігенін, тіпті бірнешеуімен амандасқанына да тоқталған.
Естідім. Анау дейді, мынау дейді. Мен өсекпен жүретін адам емеспін. Мүмкін бір-екеуімен амандасқан шығармын "ассалаумағалейкум, аға" деп. Бірақ менің ұстанымым басқа. Маған жоламасаңдар болды деймін, — дейді әнші.
Сондай-ақ, ол шоу-бизнестегі әншілердің той бизнеске шықпай-ақ, қалай ақша табатынына да тоқталған.
2-3 жыл бұрын тойға бармай ақша табуға болады дегенді айтса сенбес ем. Қазір әндерімізді платформаларда неғұрлым көп тыңдаса, жүктесе, сатып алса бізге белгілі бір деңгейде ақша төленеді, — дейді Тұрар.
Ол тіпті өзінің барлық әндері үшін 3 айлық қорытындылауда 1 миллион теңгедей пайда тапқанын да айтты. Әрі дәл осы жүйемен елдегі бір әншінің бір ғана музыкасымен 10 миллион табыс тауып жүргеніне де тоқталған.