Әнші Парвиз Назаров түрмеде өнер көрсетті

Әнші Парвиз Назаров түрмеде өнер көрсетті

25 қазан Республика күнін Алматыдағы Тергеу изоляторының шаруашылық жасағындағы сотталғандар да көтеріңкі көңілмен қарсы алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Тергеу изоляторында жазасын өтеп жүргендер ұйымдастырған кештің ең қадірлі қонағы – 90-шы жылдардың хитмені атанған әнші Парвиз Назаров болды. Ол өзінің репертуарынан «Крестная мать», «Еду на юг», «Атамекен» сияқты әндерін орындап, сотталғандардың көңілін көтерді. Сондай-ақ ол шаруашылық жасағындағы сотталған музыкант Бауыржанмен де бірге бірнеше ән орындады.

 

Мерекені № 72 мекеме бастығы әділет подполковнигі А. Аманжолов құттықтау сөзбен ашып, еліміздің ең басты мерекесінің маңызына тоқталды.

 

Сотталғандар даярлаған мерекелік жиында орындалған шалқыған әнмен бірге, өздерінің жүректерінен шыққан өлең де оқылды.

 

Егемен елім десем сенім кіріп,

Бойымды билеп кетер сенімділік.

Туған жерім Қазақстан – алып  Отан

Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп! - деп жүрекжарды өлеңін оқыған сотталған А. жиналғандардың зор ризашылығына ие болды.

 

Көңілді кештің соңында Алматы қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №72 мекеменің бастығы Азамат Жалғасбайұлы Аманжол өнарпаз сотталғандар мен әнші Парвиз Назаровқа алғыс білдірді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста