Әнші Жанна Орынбасарованың жағдайы жақындарын алаңдатуда

Әнші Жанна Орынбасарованың жағдайы жақындарын алаңдатуда

Сахнадан көрінбей кеткен өнер өкілі өмірінде орын алған соңғы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы
Джаз жанрының жұлдызы Жанна Орынбасарованың қазіргіжағдайына ет-жақындары қатты алаңдаулы. Бүгінде сахнаға шығуды сиреткен әншінің бұл әрекетін әсіресе анасы жақсылыққа балап отырған жоқ.

“Ол әркез мені уайымдайды. Жасым қаншаға келгенін айтпай-ақ қойсам да болады. Мен ол кісі үшін баламын бәрібір. Анам теледидардан қандай бағдарлама көріп, менің жоқтығымды байқаса, бірден маған хабарласады: «Неге сен ол бағдарламада болмадың? Ол жерде мынау, мынау болды, ал сен болмадың» – дейді. «Мам, мен барлық жерде болуға міндетті емеспін ғой, ол менің форматым емес, дәстүрлі кеш» – қой деп жатамын. Анам: « Бәрі бір ғой. Сенің де болуың керек» – деп аналық алаңдатушылық танытады”, – дейді Орынбасарова.

Десе де, Жаннаның көпшілік көкейіндегі сансыз сауалға жауабы дайын. Қазіргі таңда әншілік мансабын бір шетке ысырған Орынбасарова, ойлана келе өзге қырын халыққа танытуды құп көреді. Мәселен ол соңғы кезде актрисалық қабілетімен көзге түсіп жүр. Бұрындары тек сахнада ән салумен шектелетін өнер иесі үшін көп сериялы картинаның түсірілім алаңында жүру, одан қалды шығармашылық командамен тез арада тандем құру оңайға соқпаса керек.

“Актриса болу әрине қиын және бұл сала ішкі эмоцияңды шығаратын салалардың бірі. Мен үшін өте жауапты әрі қиын болды. Сол сериалға өте жауапкерішлікпен келдім”, – дейді әнші Жанна.

Жанна ханым үшін кино әлемі – хобби, ал музыка – мамандығы! Сондықтан, уақытша сахнадан алшақтаған қызының қадамына анасының алаңдауына негіз жоқ! Орынбасарова көп ұзамай орындаушылық жұмысын қайта қолға алмақ!

“Қазір өзімді музыкасыз елестете алмаймын, бұрын да солай болған. Бүгін осы сұрақты өзіме қойғанмын. «Қызық, мен басқа нәрсемен айналыса аламын ба?» деп сұрадым. Себебі адамдар уақыт өте келеді қағидаларын өзгертеді ғой. Бұл сұрақ ойымда қалып кетті, сондықтан оған жауап бере алмаймын. Себебі мен қазір музыкадамын, сахнадамын” , – дейді Жанна Орынбасарова.

Жаннаның шығармашылыққа құрған жоспары шаш етектен! Ал, тың идеяны жүзеге асыру науқанына карантиннен кейін мықтап кіріспек! 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста