Антарктидада қазан көтеріп, ет асқан...

Антарктидада қазан көтеріп, ет асқан...

Қақаған Антарктидада ет асу екінің бірінің қолынан келмесе керек. Сондай жанның бірі – семейлік Орденбек Мазбаев. Қазақ географиялық қоғамының мүшесі 2011 жылы Жер шарының оңтүстік полюсі – Антарктидаға автомобильмен сапар шекті.
Экспедиция мүшелері әуелі Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қала­сынан Антарктидаға ұшып барып, содан соң Новолазаревская стансысынан көзде­ген бағыттарына қарай үш автокөлікпен аттанған. Межелі жерге жеткеннен кейін елі­міздің көк байрағын тігіп, Әнұранымыз­ды әуелетті. Ең қызығы, 60 градустық са­қыл­даған аязда қазан көтеріп, қазақша ет асқан екен. Ұлттық тағамымыздан дәм тат­қан экспедиция құрамындағы Норве­гия, Польша, Германия, Ресей, Франция, Аме­рика, Малайзия елдерінің өкілдері де қа­қа­ған күн райында бұдан асқан дәмді та­мақ жоқ екендігіне көз жеткізіп, бір терлеп-тепшіп қалса керек.
– Антарктида әлі күнге дейін құпия ме­кен болып саналады. Қазақша ет асып, на­нын салып жесем қалай болады екен, ауа райымен сәйкес келе ме деп алаңдаушы едім. Енді өзіміздің ұлттық тағамның пай­да­сына шек келтірмеймін, – дейді Орден­бек Мазбаев. – Біздің тағам адамға күш-қуат беріп қана қоймай, жүйкеңді тыныш­тан­дыратын, таза ауада, қар мен мұздың ара­сында отырып жегенде болашаққа де­ген сенім ұялататын керемет пайдалы, ғажап тағам екендігін байқадым. Оның үс­ті­не, оны асып баптайтындай арамызда әйел болған жоқ. Қалай болғанда да сапа­ры­мыз сәтті өтті. Өйткені еттің құрамында қазы мен қартасы, жалы мен жаясы да бар еді.
Ғалымның айтуынша, экспедиция 25 күнге созылған. Әрине, осы уақыт іш­інде көрген қиындықтар да, қызықтар да – өз алдына бөлек әңгіме.
Орденбек МАЗБАЕВ, география ғылымының докторы:
– Біз бұл сапарға бір жарым жыл дайындалдық. Оңтүстік полюске сапар шегу, әрине, қызық әрі өте қиын шар­уа. Біз қауіп-қатерлермен бетпе-бет кел­дік. Айдалада байланыссыз қалу қаупі басымызға бірнеше рет төнді. Қараңғы түнде, айнала 47 градус аязда қарапа­йым күректің көмегімен жол аршуға тура келді. Антарктида бізді ая­ған жоқ. Біресе үстімізге адам айтқысыз таудай қар құлады, біресе өкпе қуырар жел тұрды. Тіпті бұл Антарктиданың ең ыстық жазы еді. Қысында жүру мүлде мүмкін емес, жазы – осы. Ауызсуға зар болған кездер ойымнан кетер емес. Көбіне мұз бен қарды ерітіп пайдалан­дық. Үнемі қозғалыста болғандықтан, минус 60 градус аязға да қарсы тұра ал­дық. Түн жүрдік пе, күн жүрдік пе, тәу­ліктерді шатастырған кездеріміз де болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста