«Апалы-сіңлілі үшеудің» тұсауы кесіледі

«Апалы-сіңлілі үшеудің» тұсауы кесіледі

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 12 сәуірден бастап орыстың әйгілі классик жазушысы, драматург Антон Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» екі бөлімді драмасының премьерасы өтеді. Қойылымның қоюшы режиссері – ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рубен Андриасян, режиссері – Алма Кәкішева, қоюшы суретшісі – Владимир Кужель. Киім үлгісі суретшісі – Людмила Кужель, музыкамен көркемдеуші – А.Костромыкин. Пьесаны қазақ тіліне тәржімалаған – белгілі қаламгер, сыншы Әлия Бөпежанова.
12 сәуірдегі премьерада ойнайтын артистер: Жандарбек Садырбаев, Шынар Жанысбекова, Данагүл Темірсұлтанова, Назгүл Қарабалина, Зарина Карменова, Құман Тастанбеков, Ерлан Біләлов, Руслан Сенкебаев, Жалғас Толғанбай, Жұмағали Маханов, Торғын Тасыбекова.
Әлем театрларында ең көп қойылатын драматургтардың бірі А.Ф.Чеховтың «Апа­лы-сіңлілі үшеу» пьесасы қазақ театр­ын­да алғаш рет сахналанып отыр. Драма оқи­ғасы губерндік қалада, зиялылар от­ба­сы Прозорвтардың үйінде өтеді. Ан­дрей­дің қарындастары, апалы-сіңлілі үшеу: Ольга, Ирина және Машаның бар ар­маны, басты арманы – өздері туып-өс­кен Мәскеуге кету. Бірақ олар қанша орайы келіп тұрса да, бара алмайды. Бір кездері Мәскеу университетінің профес­соры болады деп үміт еткен ағалары болса отбасының билігін қолына алған әйелі Наташаның айтқанынан шыға алмайды. Драманың бүкіл оқиғасы Прозорвтардың және арман жетегіндегі, бірақ оның жүзеге асуы үшін шөптің басын да сындырмайтын, ерік-жігері аз, қиялмен күн өткізетін кейіп­кер­лердің күнделікті тыныс-тіршілігі мен бір-біріне онша үйлесімі жоқ, шым-шыты­рық қарым-қатынастары аясында өрбиді. Әр кейіпкердің өз драмасы және ол дра­ма­ның бірнеше астар-ағыны бар. Бұл жө­нін­де шығармашылық топтың өз ойын білсек...
Әлия Бөпежанова, пьеса аудармашысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
– «Апалы-сіңлілі үшеу» алғаш рет орыс сахнасында осыдан ғасырдан ас­там уақыт бұрын қойылған. Қазақ сах­на­сында алғаш рет қойылып отыр. Клас­си­калық қисынмен келгенде драматур­гия­ның негізгі шарты тартыс екені бел­гілі. Ал Чехов пьесаларында көзге ұра­тын, анау айтқан ашық тартыс, қақты­ғыс­тар болмайды. Кейіпкерлер күнде­лік­ті тұрмыс-тіршілігін кешіп жатады. Армандары мен шынайы өмірлері арасындағы алшақтықтан жай­сыздыққа ұшырайтын, ал ол арманның жүзеге асуы жолында шөптің басын да сындыр­майтын олардың әрқайсысының өз дра­масы және ол драманың бірнеше кон­тексі бар. Және де ол драма тек жеке адамның өзіне ғана байланысты емес, уақыт ағынына да байланысты. Чехов пьесасында ғасырлар тоғысындағы ру­ха­ни катаклизмдер, бұрынғы өмірсалт пен жаңа өмірсалттың қайшылықтары, қоғам идеал-мұраттарының өзгерулері­нен жеке адамның ғана емес, жалпы қоғамның және тұлғаның алдынан шы­ға­тын өзекті мәселелерді алға тартады. Өмірдің мәнін зерделеу астар ағынмен бе­ріледі де отырады. Ал осының бәрінің біздегі бүгінгі ахуалдармен өте үндес екенін сезбеске болмайды. Мәдени-пәл­сапалық контексі ауқымды сахналық туынды актерлерден нәзік те парасатты ойынды талап етеді.

Руслан Сенкебаев, актер:
– Чеховтан мен бір махаббат көре алмадым. Бұл қойылымды ә дегенде көрермен түсіне қоймайды, өйткені ак­терлер екінші планда сөйлейді. Актер­лік жұмыстарыма көп көмегі тиетін сияқты. Менің ойнайтын рөлім – неміс Тузенбах Николай Львович. Мен кіші қыз Иринаға ғашық боламын. Спек­такль соңында ғашығым үшін Соле­ный­мен жекпе-жекке шығып қаза боламын. Әрине, маған рөлді сеніп тап­сырғаннан кейін сенімді ақтауға тырысамын.

Нұржан Бексұлтанова, актриса:
– Мен бұл қойылымда үш апалы-сіңлілінің ортаншысы – Машаның рө­лін ойнаймын. Меніңше, А.Чехов қаты­гез драматург сияқты. Әдетте көп­теген шығармалар кейіпкердің өлім құшуы­мен немесе керісінше – бақытқа кене­луімен аяқталады. Бұл қойылым­ның ерекшелігі сол – бақытсыздық одан әр­ман құрып біткен үмітсіздігімен біте­ді. Үш қыз «Мәскеуге барсақ бақытты болар едік» деген арманмен күн ке­ше­ді. Әйтсе де сол армандары орындала қоймайды. Үш апалы-сіңлілінің арқа сүйеген ағалары Андрей өз пробле­ма­сын да шеше алмай, әйелі Наташаға жалтақтаумен өмір сүреді. Мұнда қа­рап отырсаңыз, тек үш қыз ғана емес, Андрей мен Наташа да бақытсыз жан­дар. Барон да атылады, Тузенбах та қай­тыс болады. Адам бақытты өзінің ішкі жан дүниесінен іздеуі абзал. Үш қыз­дың трагедиясы сонда: олар бақыт­тың мәнісін түсіне алмайды. Бұл күнмен үндестігі аласапыран өмірде адамдар қалай бақытты болатынын білмейтін секілді. Өмірдің шешімін білмегеннен кейін бұлар бақытсыз дер едім, адамға нағыз керегі өзін зерттеуді үш апалы-сіңлілі білмей қалған сыңайлы. Ба­қытты мансаппен, ақшамен емес, ішкі жан дүниеңіздің тазалығымен, рухани байлығымен сараптау керек. Адам қай жерде жүрсе де, өз бақытын өзі жасай­ды. Әр адам «бақыт деген не?» сұра­ғы­на жауап берсе, әр адам бақытты бола алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста