«Әпке» 30 жыл өтсе де қартаймады

«Әпке» 30 жыл өтсе де қартаймады

Биыл шетелдік телехикая­ларды қысқартып, отандық өнімге ден қоя бастаған «Қазақстан» ұлттық арнасы сөзден іске көшті. Қысқасы, жұрт алдындағы уәде орын­далып келеді. Оның тағы бір айғағы: ұлттық арнаның арнайы тапсырысымен белгілі жазушы Дулат Исабековтің «Әпке» атты шығармасы негізінде телехикая түсіріліп, кешегі эфирден қалың көрерменге жол тартты. 16 сериялы фильм бір жарым айдың ішінде түсіріліп бітті.
Белгілі жазушы Дулат Исабековтің бұл шы­ғармасы 34 жыл бұрын жазылған бо­ла­тын. Десе де, 30 жылдан бері аталған туын­ды Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық драма театры­ның сахнасынан түспей келеді. Драманың ба­сты кейіпкері – Қамажай. Ата-анасынан ерте айырылған ол тағдыр тәлкегіне қара­май, жетім қалған бауырларына пана бо­лып, өмірдің барлық қиыншылықтарына төзе білді. Күн-түн демей інілерін ойлап, же­ке өміріне де шаруасы болмай қойды. Пье­сада оның Қабен атты жігіттің ұсы­ны­сына: «Қабен, бауырларымды қиып тастай ал­маймын, олар әлі мен үшін бала, өздігі­нен өмір сүретініне күмәнім бар...» – деп кері жауап қайтарған тұсын театр көрер­ме­ні жақсы біледі. Енді көрерменнің кө­ңілі­нен шығып жүрген осы туынды теле­хи­кая үлгісінде түсіріліп, «Қазақстан» ұлттық ар­насы арқылы қалың жұртшылыққа жол тартты. Шығарманың жаңа түр-тұрпатына, жалпы, қойылымдық сипатына автордың өзінің де көңілі толатын сияқты.
Дулат ИСАБЕКОВ, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы:
–«Әпке» екі сағаттық пьеса ғой. Ал 16 сериялы телехикаяның әрбір бөлімі 40 минут­қа дейін барады. Сондықтан шығар­ма­шылық топ көп нәрсені қосты. Мен өзім барлығын оқып шықтым. Шынымды айт­сам, миым қатып кетті (күлді). Мен эфир­ден көрермен қауыммен бірге көретін бол­дым. Әрине, шығарма бір жанрдан екінші жанр­ға көшкенде оның жоғалтатын жақ­т­ары да, жаңаша ашылатын тұстары да болады деп ойлаймын. Ең бастысы, туын­дының негізгі өзегі, идеясы сақталды. Негізі, «Әпкенің» телехикая ретінде жарық көруі мен үшін емес, алдымен, қазақ се­риал­дарының көрермені үшін үлкен жетіс­тік. Бұл шығарма 1977 жылы жазыл­ды. Байқап қарасам, «Әпкенің» шеруі әлі тоқ­­талған жоқ. Пьеса да театр сахна­сынан түспей келеді.

Осы орайда Дулат Исабеков ағамыз шығармамен етене таныс оқырманнан телехикаяны қатты сынамауды да сұрап отыр. Себебі оқиға желісі сонау 80- жылдардан бүгінгі күнге қарай бейімделіп түсірілді. Осылайша, балалардың ес­телік­тері 2000 жылға келсе, негізгі оқиғалар 2013 жылда өрбиді. Былайша айтқанда, өт­кен ғасырда жазылған шығарма 20 жыл­ға «жасарды».
Нұргелді СӘДІҒҰЛОВ, «Әпке» телехикаясының режиссері:
– Бұл телехикаяны біз 45 күннің ішінде түсіріп шықтық. Даладан келген ешкім жоқ. Басты рөлдерді Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер ака­демиясының түлектері сомдады. Олар­дың ішінде әпкенің рөлін ойнаған Рита Күмісқалиева, Қуаныш Керімқұлов, Дарын Шыныбек, Әли Тұрсынханов сияқты жас актерлер, сондай-ақ Бақытжан Әлпейісов, Ерлан Біләлов, Дулыға Ақмолда және тағы басқалар бар. Телехикаяның қоюшы ре­жис­сері – Мұрат Бидосов, ал продюсері – Ба­тыр­хан Сазаханов. Олардың Дулат аға­мыз­дың «Әпке» атты шығармасын алып, телехикая үлгісінде түсірулерінің не­гізгі себебі – туындының өзектілігі. Он­да­ғы оқиға әлі күнге дейін көкейкесті бо­лып тұр. Ол барлық адамзат баласына ортақ.

Қайнар ОЛЖАЙ, «Қазақстан» телерадио корпорациясы басқарма төрайымының өндіріс жөніндегі орынбасары:
– Осыдан бір ай бұрын біз ұлттық арнада түрік пен кәріс сериалдарының санын қысқартып, оның орнына отандық телехикаяларды шығарамыз деп уәде бергенбіз. «Қазақстан» ұлттық арнасы сол уәдесін орындап келеді. Биыл телеэфирге «Ұлжан» шықты. Қазір Олимпиада чемпиондарына арналған «Олимп шыңы» деген телехикая көрсетіліп жатыр. Енді алғаш рет халық арасында кеңінен танымал «Әпке» сияқты туындыны түсіруді қолға алдық. Ағымдағы жылы «Қасым» фильмінің шыққанын кө­рер­мен жақсы біледі. «Хабар» телеарнасы Бауыржан Момышұлы туралы фильмді түсіруді аяқтады. Демек, жұмыс басталды. Отандық телеарналар отандық тарихқа, еліміздің ұлттық өнерін өркендетуге бет бұрды. Осы қадамымыз сәтті болсын деп ті­лейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста