"Ақ сәуле" әнінің бейнебаяны көрермен көзайымына айналды

"Ақ сәуле" әнінің бейнебаяны көрермен көзайымына айналды

Осыдан біраз уақыт бұрын «Алаш айнасы» интернет-газеті белгілі әнші Гүлбаршын Тергеубекованың орындауындағы «Ақ сәуле» атты әнге түсірілген бейнебаянның отандық телеарналардан көрсетіле бастағаны туралы хабарлаған болатын. Бүгінде аталмыш бейнебаян көпшіліктің көңілінен шығып, көрерменнің көзайымына айналды.

«Ақ сәуле» әні қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған, композитор Әбілахат Еспаевтың әні. Гүлбаршынның бұл бейнебаяны үстіміздегі жылдың қаңтар айында түсірілген болатын. Бейнебаян түсірілімі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Оның қоюшы режиссеры жазушы, кинодраматург, тележурналист - Дидар Амантай.
Бейнебаян әннің лирикалық мазмұнына сай бимен көркемделген. Мың бұрала билеген балет бишілерінің өнері әсем де әсерлі. Жүрегіңді елітіп, эстетикалық рухани ләззат сыйлайды. Ән мен би толықтай үйлесім таба білген.
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, әнші, «Қасымның әндері-ай» атты концерттік жобаның авторы және продюсері Гүлбаршын Ыбырайқызы Тергеубекова 1971 жылы 4 наурызда Қарағанды облысына қарасты Егіндібұлақ атты аудан орталығында дүниеге келген. Гүлбаршынның арғы бабасы – қазақтың атақты төбе билерінің бірі қаз дауысты Қазыбек би.
Гүлбаршын Тергеубекова 1978-1988 жылдары Бұқар жырау ауданына қарасты Амангелді ауылында орта мектепті бітіргеннен кейін Қарқаралы аудандық Мәдениет үйі мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында әкімшілік-ұйымдастырушы қызметін атқарды. Одан кейін 1990 жылы ол Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына оқуға түседі. Осы оқу орнын Гүлбаршын 1995 жылы вокал (халық әні мен домбыра) мамандығы бойынша бітіріп шығады. Өнер иесі 2000 жылға дейін Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтында өз мамандығы бойынша дәріс береді.
Соңғы жылдары Гүлбаршын тек шығармашылықпен айналысып келеді. Оның репертуарында құйқылжыған Арқа әндерімен қоса бүгінгі заманға сай эстрадалық әндер де бар. Біржан сал, Ақан сері, Естай, Мәди, Майра, Үкілі Ыбырай және Қасым Аманжоловтың әндері Гүлбаршынның орындауында аса бір халықтық сипатқа ие. 2012 жылдан бастап Гүлбаршын Тергеубекова «Қасымның әндері-ай» атты концерттік жобаны қолға алды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста