«Ақ сиса ақын Мұса өткен Ақбеттауда...»

«Ақ сиса ақын Мұса өткен Ақбеттауда...»

Қалың қазаққа «Ақ сиса» әні­мен кеңінен танылған Жаяу Мұса Байжанұлының ту­ғанына 175 жыл толуына орай Баянауылдың Мойылды ал­қабында дүбірлі той өтті. Баянауылдың біртуар пер­зент­тері құрметіне жасалған та­лай тойдың куәгері болған осы алқапта бұл жолы да ақбоз үй­лер тігіліп, жерошақтарда қа­зан көтеріліп, әншілер дом­бы­расын сайласа, атбегілер сәй­­гүліктерін кермеге ба­й­ла­ды.

Төңірек түгелдей көрінетін төбе басына ор­натылған Жаяу Мұса бабамыздың су­ре­тіне қарасаңыз, бүгінгі ұрпақтарының қа­ре­кетіне күлімсірей көз тігіп, батасын беріп тұр­ған тәрізді. Міне, күмбірлеп күй ой­нал­ған соң, сахнаға шыққан ақын жігіт арнау өлеңінің тиегін ағытты. Тойға жи­налған қа­уым облыс әкімінің орын­басары Ә.Қ. Ға­­лымованың құттықтау сөзін тыңдаған­нан ке­йін Баянауыл ауданының өнерпаз­да­ры «Қа­ра жорға» биін биледі.
 Облыс деңгейіндегі бұл тойға алыс-жақыннан келген қадірменді қонақтар да көп екен. Солардың арасынан алғашқы болып сөз алған Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай ке­лісті сөзімен көрікті ой өрбітті.
– Жаяу Мұса бабамыздың шығар­ма­шы­­лығы туралы пікірлер әлі қалыптасып бол­ған жоқ. Жазушы Зейтін Ақышевтің ро­­маны мен біраз зерттеу мақалалар жа­зылды. Ахмет Жұбанов пен Борис Ер­за­ко­вичтің мақалаларында Жаяу Мұсаның ән­шілігі, шығармашылығы сөз болды. Де­генмен мұның бәрі сол заманда кеңес өкіметінің қас-қабағына қарап айтылды. Ендігі уақытта бабамыздың өмірі мен шығармашылығы жаңа дәуір тұрғысынан зерделенуі тиіс. Жаяу Мұсаның қай­рат­кер­лігі, күрескерлігі бағамдалғаны жөн. Өнері де сан қырлы. Сан алуан аспапта ойнай білген ол қазақ музыкасына жаңа сипаттар енгізген. Міне, осыны терең зерт­теу үшін Қазан, Омбы мен Орынбор ар­хив­терін ақтару керек. Жалпы, Жаяу Мұса кү­ресі – әлеуметтік күрес. Соның астарына үңіліп, ой-пікірлер түйген орынды. Жаяу Мұса Шорман әулетінен қиянат көрген деп, жалаңдыққа ұрыну жөн болмайды. Шор­мановтар – қазақтың бағы мен құ­ты­на біткен әулет. Сол себепті Шорман тұ­қы­мы жайлы да жаңа заман сөзі айтылуы тиіс деп ойлаймын. Өз басым Жаяу Мұса ба­бамызды ұрпаққа таныту мақсатында «Ақ сиса» поэмасы мен мақалалар жаз­дым. Ол жақында кітап болып басылды, – деген Ғалым Жайлыбай ағамыз сөзінің соңында «Ақ сиса» поэмасынан үзінді оқып берді. Жұрт белгілі жазушы Әнес Сарайдың сөзін де ұйып тыңдады. Жазушы ағамыз Жаяу Мұса өміріне тоқтала келе, Ертістің бойындағы қазақтардың орыс отаршылдығынан шеккен зардабының әлі күнге дейін толықтай өшпегенін тілге тиек етті. Соның бірі – Павлодар қаласы ата­уы­ның мызғымай, патша заманын еске са­лып тұрғаны. Әнес Сарай: «Қазаққа кеткен есе­сін қайтаратын күн туды. Олай болса, об­лыс орталығы атауын өзгертпей бол­май­ды», – деп жұртқа тағы бір мәрте қоз­ғау салды.
Мойылды алқабындағы тойға Жаяу Мұсаның ұлы Салық, қыздары Анна мен Кәсіптен тараған ұрпақтары да келіпті. Жақсының тұяқтары атынан белгілі ақын Арман Қани сөз сөйлеп, өлең оқыды. Ол – Жаяу Мұсаның жиеншары. Ал төрткүл дү­ние есіміне қанық ақын, қоғам қай­раткері Олжас Сүлейменов – Жаяу Мұсаға не­мере туыс. Тойда Олжас ағаның Париж қа­ласынан жолдаған құттықтау хаты оқылды. Әйгілі әнші, музыкант Жаяу Мұса то­йына орай Павлодар қаласында дәстүр­лі әншілердің аймақтық байқауы өткізіл­ген еді. Аталмыш байқаудың қазылар ал­қа­сына ҚР-ның Халық әртісі Қайрат Бай­­бо­сы­нов төрағалық етті. Мойылдыдағы той сах­насында байқауға қатысқан ән­ші­лер ор­таға шақырылып, сый-сияпаттар та­быс етіл­ді. Жүлдегерлер жайында айтар бол­­сақ, ІІІ орынды – астаналық Әбілхан Нұр­­болат, ІІ орынды – павлодарлық Самал Жа­купова, І орынды баянауылдық Бекзат Әбіл­дин иеленді. Ал байқаудың бас жүл­десі астаналық жас әнші Сырым Мұ­ха­мед­жа­новқа бұйырды. Сырым қазіргі уақытта Ас­танадағы Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінің студенті екен, Қарағанды об­лысы Жаңарқа ауданының тумасы.
Жас әншілерге сонымен бірге атаулы сый­лықтар да берілді. ҚазКСР-нің еңбек сі­ңірген әртісі Жабай Тоғандықов атындағы сыйлықты Дина Назарбековаға Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.М. Күлжан тапсырды. Қазақтың тойының көркі пал­уан­дар күресі мен ат бәйгесі емес пе? Боз кілем үстіндегі белдесулер түс ауғанша жал­ғасып, соңынан ат бәйгесіне кезек тиді.
Әдеттегідей ең алдымен жүйріктер тоқ бәйгеге жіберілді. Он жеті шақырым қашықтықты бірінші болып Қарағанды об­лысының Таңшолпан атты жүйрігі аяқ­тады. Баянауыл ұлттық паркінің Талан­тли­вый деген сәйгүлігі – екінші, Қарағанды об­лысы Бұқар Жырау ауданының аты үшін­ші келді. Аламан бәйгеге қосылған 12 аттың бәрі бас жүлдеге тігілген жеңіл көліктен дәмелі еді. Әйтсе де «бап шаба ма, бақ шаба ма» деген ғой. Дәл солай болды да. Тоғызыншы айналымда оқ бойы озып келе жатқан жүйрік бұрылыста ек­пінін тежей алмай, бәйге жолынан шы­ғып кетті. Сөйтіп, бәйгенің алдына Қа­ра­ғанды облысы Шет ауданының Тайқасқа атты жүйрігі шықты. Соңғы оныншы ай­налымды бірінші болып аяқтаған осы жүй­ріктің иесі Ерлан Ахметовке су жаңа жеңіл көліктің кілті табыс етілді. Екінші жүлдеге Баянауыл ауданының – Кочевник, үшінші жүлдеге Павлодар қаласының Ай­қасқа атты жүйрігі ілікті. Айтпақшы, Жаяу Мұса тойынан екібастұздықтар да жүлде­сіз қайтпады. Киіз үйлер байқауында Екі­бастұз қаласының ақбоз үйі екінші орын­ды ие­ленді. Осы сегіз қанатты үйде той қо­нақ­тарын күткен қала әкімдігінің мә­де­ниет бөлімі мен «Атамұра» мәдени ор­та­лығы қызметкерлерінің еңбегі алдағы кез­де де жана берсін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста