Ақан Сатаев өзі киноға түсірген үлкен қызын ұзатты (фото, видео)
Отандық танымал режиссер Ақан Сатаевтың отбасында қуанышты жаңалықтар орын алуда. Кинсаласының майталманы осы карантинде үлкен қызы Марйамды ұзатып, қияға қондырды. Қос ғашық жақындарының куәгерлігімен мешітте некесін қидырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақан Сатаев перзентінің тұрмысқа шыққанын Instagram желісінде өзі хабарлады. Режиссер еліміздегі жағдайды ескере отырып, қызын той-думансыз ұзатуды ұйғарған. Екі жастың ет-жақындары мешітте жиналып, олардың неке қию рәсіміне қатысыпты. Марйам Сатайдың сіңлісі оның тұрмысқа шығып жатқан сәтінің видеосымен бөлісіп, көпшілікті қуантты. "Құрметті достар! Бүгін біз, Алланың қалауымен, Назира екеуіміздің үлкен қызымыз Марйамды мешітте некесін қиып, күйеу баламызға Есболатқа аманат етіп, табыс еттік. Елдегі жағдайды ескере отырып, үлкен тойсыз, тек құдаларымызбен қарапайым дастархан жайып, Сүннет бойынша жастардың қалауын орындауға тырыстық. Алла Тағала барлығымызға жақсылық пен береке беріп, жамандықтан сақтасын! Әмин" , - деп жазды ол. Ақан Сатаевтың күйеу баласы кино әлемінен алыс емес болып шықты. Белгілі режиссердың қызының жүрегін "Nomad stunts" кәсіби каскадері Есболат Әбдіберік жаулай алған.