Ақкенже Әлімжан тұрмысқа шықты
Танымал актриса, талантты тележүргізуші Ақкенже Әлімжан тұрмысқа шықты.
Сұлу қыздың таңдауы Ержан есімді сері жігітке түсіпті. Кеше екі жастың үйлену тойы болды.
Ендеше Ержан мен Ақкенжеге бақыт тілейміз және актриса жайлы бірнеше деректі назарларыңызға ұсынамыз.
Алматы қаласында туылған.
М.Түлебаев атындағы Балалар музыкалық мектебін («домбыра» классын) бітірген.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «театр және кино актрисасы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Өнер магистрі (M.A. in Performing Arts, Т.Жүргенов ат. өнер академиясы).
Ғылым магистрі (M.S. in Communications, АҚШ).
Телевизия/кино саласы бойынша Hollywood Studios, ABC TV(АҚШ) тәжірибеден өткен.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген (испан, түрік тілдерінде сөйлей алады).
Би, айкидо өнерімен әуестенеді.
«ASKAR productions» компаниясының бас продюсері.
Телеарнада тележүргізуші ретінде қызмет істейді.
«Астана жастар театрында» ойнайды.
2008 ж. Нью Йорктегі әйгілі Карнеги Холл сахнасында өнер көрсетті (Carnegie Hall, NYС).
Республикалық және халықаралық өнер фестивалдерінің лауреаты.
«Дом восходящего солнца», «Жаным», «Жаным – 2», «Качели любви», «Қазына», «Қара шаңырақ» телехикаяларына түскен.
2011 жылы «Лаула-лаула» атты әніне түсірілген алғашқы бейнебаянын жарық көрді.
«Алақай, каникул!», «Отбасылық лото», «АйнаLINE», «Оқы елім», «Іске сәт» бағдарламаларын жүргізген.
baistars.kz