Ақкөңіл жырдың иесі еді Қанипа...

Ақкөңіл жырдың иесі еді Қанипа...

Қазақтың аяулы ақын қыз­дарының бі­рі, көрнекті қаламгер Қанипа Бұғы­бае­ваның да дүниеден өткеніне оншақты жылдың жүзі болып қалыпты.
Жыр жампозы Ілияс Жансүгіров туған өлкедегі Көкжайдақ деп аталатын ала­қан­дай ауыл бүгінде Ақын Сара атымен ата­лады. Өлеңдерінің құнары мол, әсершіл ақын Қанипа апайымыз осы топырақтың түлегі.
«Сезгенімнен
                   көп екен сезбегенім,
Орындатар бұл өмір
                                        өз дегенін.
Бүгінімнің бағасын
                                   айтып берер
Болашаққа берейін
                              сөз кезегін!..» –

деп жарық жалғаннан мәңгілік сапарына ерте аттанып кете барған, болмысымен ақ адал, ақкөңіл ақынның соңында қазақ оқырманына рухани нәр боларлық қаншама дүниесі қалды. Біз бүгін оқырман назарына Қанипа ақынның қаламдас бауыры Рәтбек Сағид-уаһастың аз-кем естелік жазбаларынан шағын үзінділер ұсынып отырмыз.

Ақынды түсіну
Қанипадай  қазақтың жүз қызын көрдім. Біреуіне ұқсата  ал­май­мын.
Өйткені ол Алладан дара жаратылған ақын еді.
Бір аяғын сәл сылти  басып, кейде ал­дымда кетіп бара жататын. Қатарласа сала: – Тәте, қалыңыз қалай? Қайда барасыз?
– Е-е, қайда бара жатқанда... былай шы­ғып та... – дейтін самарқау ғана.
Көбінесе мұңды кезінде жүздесетінбіз. Кей­де бір дидары нұрлана жарқылдап: – Осы сен туралы бірдеме жазсам деймін. Ма­қала ма... негізі мақала дұрыс-ау, өлең­ге біртүрлі қимаймын. Бір-екі рет оқталып көр­­дім. Шықпады. Өзіңді бейне бір Шың­ғыс Айтматовқа ұқсатамын да жүремін. Бір қа­­рағанда, қырыңнан келесің. Бір қара­ған­да, мүлде басқасың. Сірә, сенің жан дү­ниең біздерге, ақындарға түсініксіз осы, – дейтін баладай мінезімен.
– Ой, қойыңызшы, тәте, қайдағыны ай­та бересіз-ау, осы. Біз қайда, Шыңғыс Айт­матов қайда! Мен әншейін, қасыңызда жүр­ген бір ініңізбін де.
– Жоқ, сенде бір құпия бар. Соны өзім тү­сінбеймін. Бәлкім, саған ғашық бола алмай жүрген шығармын, – дейтін қайран әпкем.
Мен біртүрлі ыңғайсызданып, өзімнен он алты жас үлкен адамның алдында кү­міл­жіп, сосын барып оның болмысы бө­лек­ше ақын екені қалт есіме түсіп, таң­ғалатынмын.
Тоғыз жыл көрші тұрдық. Былай қа­ра­ған­да аз, ойлап қараған адамға, оның үс­тіне сөз деген құдіретті  саралай білгенге аз уақыт емес.
Сырластық. Мұңдастық.
Түсіністік десем, өз сөзіме өзім қайшы шы­ғатындай болып, дүдәмалданып қала­мын. Жалпы, осы пенде баласына ақынды түсіндім деп айтуға бола ма өзі?
Рас, бір-екі, үш-төрт өлеңін бағалап, жұрт құрметтеп жатады. Бірнеше өлеңін, бүкіл шығармашылығын талдап, тәлімдеп, тамсанып, сыншылар дүние жазады. Дұ­рыс. СӨЗ атты құдіретке табыну. Бірақ ақын жанын сездім, түсіндім деген адамға өз ба­сым, міне, имандай шын сөзім, сен­бей­мін.
Ақын деген болмыс мен үшін тіпті те­рең, тіпті шыңырау, тіпті...
Иә, солай.
Талай ақынмен таныс болдым. Талай сәт­терде шамам жеткенше, солардың жан дүниесін ұғынсам деп ұмтылыс жасадым. Амал, қанша...
Менің Қанипа әпкем тіптен күрделі жаратылысты ақын еді. Оны жырларын оқы­ған адам біледі. Оқыма­ған­дар, кім білсін, «Е-е...» дей са­лар-ау деп ойлағанда, ішім бір­түрлі қоңылтақсиды.
Бұдан «ақынды түсіну мүмкін емес екен ғой» деген ой туын­дамасын, қадірлі оқыр­ма­ным. Бұл менің қиялым да, қисыным да емес. Қиын түйін. Шешімі әркімнің өз еншісінде.
...Қайран тәтем мен туралы толғанған сол мақаласын жазуға үлгере алмай кетті. Міне, және бір өкініш.

Қоштасу
Біздің де тірлігіміз үнемі оңы­нан келе берген бе? Дерт кешіп жатқам.
Таңға жуық суық хабар жетті. Кетіп қа­лыпты. Енді не істеймін деген әбігер кө­ңілмен қатты қамықтым. Әйелім тіпті жылап жүр. Екеуінің сыйластығы жақсы еді. Кейде бірге бір шәугім шай­ды бөліп ішіп, әйелдерше сыр­ла­сып, жарқылдап отыратын. «Мы­на түрмен енді қайтіп ба­ра­мыз, Құдай-ау» деп, есікті бір жауып, бір ашты.
Тұрдым.
«Иә, Алла! Өзің бердің, өзің алдың.
Қазақтың сөз көгінде Қа­ни­па­ның есімі мәңгілік жазылып қалды.
Бе­рекетін бере гөр! Тәтемнің таби­ға­тына тәнті мені де шапағатыңнан құр қал­дыр­ма!» дедім де, күрт жиналдым.
Ел әбігер.
Ұлы ақындарының бірі фәни дүниеден озып жатса, қайтсін енді. Қайтеді.
Ақынның сүйеніш-жары Қанағат ағам қара торғайдай бүрісіп, тіпті шөгіп кетіпті.
Қазақтың салтымен дауыстаған  бол­дым.
Расында, көрісуге, жыласуға жоқ едім. Ше­мен жүрек баяғыда, он жеті жасымда әке-шешеден тұлдыр жетім қалғанда қат­қан. Бірақ осы жолы жібіді. Әпкемнің құ­ді­реті күшті екен. Көзімнен кәдімгідей жас шықты.
«Енді қайтеміз?» деген сұрақ туындады ағам екеуміздің арамызда.
Ағам айтады: «Өзі өмір бойы Ақсуын жырлап еді. Алай-бұлай болсам, Ақсуға жет­кізгенің дұрыс деуші еді...» деп, не істерін, не шешімге келерін білмейді дағ­дарып.
Қайтсін енді. Мұндай кезде, өз басы­мыз­­дан өткен, адамның жағдайы, әсіресе мар­құмның аманатын арқалау тіпті ауыр.
– Аға! – дедім, батылданып. – Тәтем тек Ақсудың емес, күллі қазақтың қызы емес пе. Осы елдің келіні. Қазақтың то­пы­ра­­ғы ортақ. Үмбетәлі жатқан жотаны бі­ле­сіз ғой. Тура сол жерден орын қа­рас­тыр­ған оң.
– Өй, мына айтқаның да... Өзі де Үм­бе­т­әліні жақсы көретін. Талай өлең де ар­наған. Тіпті көрші тұрдық қой біз кезінде...
– Ендеше тура сол жер лайық.
Менің осы уәжіме тоқтады ағам.
Сөйтіп, менің қайран да қайран ай тә­тем, кезінде ұлы Жамбыл «өлеңнің  қара жор­ғасы» деп биік баға берген шәкірті, елі­міздің үлкен бір киесі Үмбетәлі Кә­рі­байұлы жатқан зираттың тура қасынан то­пы­раққа енді.

Өмірі де, өлеңі де күрделі
Қанипа туралы көп жазылған. Құдай бұ­­­йыртса, әлі де жазылар. Бірақ мен өзім құр­меттейтін сол авторлардан дәйектеме ал­ғым келмеді. Мен тек өз жүрегімнен шық­­­қан ақ адал шындығымды ақ қағазға ша­мамның жеткенінше түсірдім.
Мен Қанипа ақынның жырларынан көп ойдерек  келтіре алар  едім. Оны өйт­кені бір кісідей-ақ оқыдым деп ойлаймын. Болмысы бөлек ақынның ұлтым деп соғып өткен жалын жүрегін, қызға, әйелге, анаға  тән сыршыл лирикасын, дүниеге сәбидей құштар  романтикасын, елге, туған жерге деген шексіз махаббатын, өзі көзі жұ­мыл­ған­ша жырлап өткен Абай мен Қасымды, Сү­йінбай мен Жамбылды, Ілиясты, Мұ­қа­ғалиды... айта берсе таусылар ма. Өлеңіне жүгініп жатқым келмеді. Оның поэзиясына үңілмегендіктен  емес. Әдейі. Мұны да ақынның рухына бас игендіктің бір белгісі деп ұғуларыңызды өтінемін.
Оқырман өзі іздесін. Іздесін де түй­сін­сін, түйсінсін де тамсансын. Соған лайық ақын Қанипа.
«Екінші дәптер» атты кітабын тарту ете тұрып: «Аяулы әкем, сіздің алақаныңыздың де­меуімен өткен екінші баспалдағым ғой деп сезінемін.
Өмір бойы сіздің көз алдыңызда жоғары көтеріле беруіме, көтеріле берсем, өзімді бақыттымын дер едім.
Қос шынар, қос тауым, Апа-Аға сіз­дер­ге мұным естелік болар деп ұсынушы – қыз­дарыңыз Қанипа.
Құрметпен.
Алматы. 1965 жыл. Сент. 16» деп қол­таң­ба қалдырыпты.
Ең ардақты әке-шешесіндей болған ақын Әбу Сәрсенбаев пен оның аяулы зайыбы Ләзиза Серғазинаға арнаған.
Осы кітапты кейін үй іші сұрап алған ғой. Оқып отырып тағы бір мұңайдым.
Адам тағдыры деген оңай ма?!
Ал  Қанипаның  өмірі  де, өлеңі  де  күр­делі. Ондай  қызға арынды  Ақсудың  та­­биғаты  тағы  да  толғатар-ау, қазақтың  ал­­­тын құрсақ  анасы  дарынды  ақындарды  тағы  да  табар-ау, бірақ  Қанипа  мәңгі  да­ра, мәңгі  жалғыз.
    Солай...
Рәтбек  САҒИД-УАҺАС

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста