АҚШ президентінің ұлықтау рәсімінде ән айтуға не себепті Димаш таңдалды
Айбек Ережеп желідегі жеке парақшасында Димаш Құдайберген туралы сұхбаттың аудармасын ұсынды. Онда АҚШ-тың жаңа президентінің ұлықтау рәсіміне қатысуға не себепті Димаштың және қазақтың Самалтау әні таңдалғаны айтылған.
 
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.
 
"Байденнің инагурациясына орай өткізілген кештің ұйымдастырушысы "Sister Cities International" компаниясының өкілі Dean Suozzi-Auberry өзінің InfoArtit JK (АҚШ) каналына берген сұхбатында:
 
- Неге Димаш Құдайберген, ол кісіні қандай қасиеттеріне байланысты таңдадыңыздар?- деген сұрағына
 
- Әлемге белгілі әншілердің арасынан жан-жақты зерттей келе таңдауымыз Димаш Құдайбергенге түсті. Себебі, Димаш - ұлтын сүйетін азамат, бойында адамдық құндылықтың қазынасы бар тұлға. Ол - әлемдік бейбітшіліктің символы іспетті. Оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар жақсы көреді. Біздің ойымызша ол саясаттан биік тұлға. Өзінің әнімен, тамаша даусымен тілі бөлек, танымы бөлек миллиардттаған жандардың жүрегіне жол тапқан нағыз өнерпаз, әлем елшісі деуге болады.
 
Екіншіден Орта азиядағы мемлекеттермен қарым-қатынасымыз жақсы, Қазақстанмен де тығыз байланыстамыз. Бұл жақындығымызды оданда ары жақындата түскіміз келеді.
 
"Самалтау" әні - ұлтын сүйген, тыныштықты аңсаған, жанұясының бақытты ғұмыр кешкенін армандаған, құлдық кісенінен босанғысы келген кеудесіне шер толған азаматтың әні. Тарихи ән! Біз сондықтан осы әнді таңдадық, - деген екен",- деп жазды ол.