Ақтөбе жәдігерлері Маңғыстауда

Ақтөбе жәдігерлері Маңғыстауда

Жақында Маңғыстау облысында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен «Құтты мекен – арайлы Ақтөбем» атты жылжымалы көрме өтті. Көрменің мақсаты – Ақтөбе өңірінің Қазақстанның басқа өңірлерімен сабақтасып жатқан өзіндік тарихымен таныстырып, мұражайлар арасында іс-тәжірибе алмасу.
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының салтанатты залында өткен көр­меге Ақтау қаласындағы мәдениет қыз­меткерлері және жоғары оқу орын­дарының ұстаздары, мұражай қыз­мет­керлері қатысты.
Көрмеге ерте қола дәуірінің, сақ-сармат мәдениетінің жәдігерлері, облыстың сәулет-өнер ескерткіштерінің белгісіне айналған Абат-Байтақ кесенесінің макеті, Әбілқайыр ханға, Қобыланды ба­тырға, Әйтеке биге, Тама Есет батырға арналған жәдігерлер қойылды. Жалпы, көрменің құрылымы «Ежелгі Ақтөбе облы­сының тарихы: археологиясы және сәулет-өнер ескерткіштері, Ақтөбе – батыр­лар мекені, атақты жерлестер және Ақтөбе – өнеркәсіп алыбы» атты тақырыпта жасақталды.
Маңғыстаулықтарға Ақтөбе өлкесінде Хантөрткүлді мекен еткен Асанқайғы бабамыздың Жерұйықты іздеп, баласы Абат батырмен кеңес құрғаны, эпостық жырға арқау болған Қобыландының Тайбуры­лының тұяғы тиіп, Жиренқопада жер­ленгені, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Ордасын құрып, Хан моласы қорымының зерттелгенін, Тама Есет Көкіұлының кіреуке сауытының түпнұсқасы, халық ақыны, жырау Нұрпейіс Байғаниннің жеке заттары, ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің жасаған еңбегі, шығыстың қос шынарының бірі Әлия Молдағұлованың ерлігі, КСРО тарихында генерал-лейтенант шеніне жеткен жалғыз қазақ азаматы Жансен Ке­реев­тің қызмет жолы, еліміздің мақта­нышына айналған ағайынды Жұбанов­тардың іргелі еңбектері туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар көрмені тамашалаушылар Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов сынды көрнекті қоғам қайраткерлерінің, ұлы ойшыл Мөңке би, Шернияз, Ақтан, Сары, Сарышолақ, Нұрпейіс сияқты ақын-жыраулар туралы деректерге қанық болды.
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы1975 жылы ашылған екен. Мұра­жай қорында 54 мыңнан астам жәдігер бар. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұра­жайы бүгінде мұражайаралық бай­ланысты жолға қойып, белгілі жерлес­терімізді насихаттау жолында жарқын жұмыстар атқарып келеді. Өткен жылы осындай көрмені Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайында өткіздік. Қоры бүгінде 105 мыңнан астам экс­понат­пен толыққан мұражай алдағы жылы 85 жылдығын атап өтпек.
Бекнар ЕСІРКЕПОВ, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста