Ақтөбенің «Екі езу» эстрадалық-миниатюра театры жабылады

Ақтөбенің «Екі езу» эстрадалық-миниатюра театры жабылады

Ақтөбенің «Екі езу» театры әу баста халыққа интермедиялары арқылы танылған  болатын. 2001 жылдан бастап театр статусын өзгертіп, мемлекеттің қарауына өтті. Мемлекеттік деген мәртебеге ие болғалы әртістер бұрынғыдай үй-үйді  жағалап, репетиция өткізбейді. Тұрақты табыстары да бар болатын.
Өз алдына дербес театр болып отырған ұжым жуырда жабылады. Ақтөбе облыс­тық мәдениет басқармасы «Екі езудің» әртістерін алдын ала хабардар етіп, құлақ­тан­дыру хат таратып та берген. Бұл туралы «Екі езуді» құрып, 15 жыл бойы жетекшілік еткен Нұрлыбек Жұбатқан хабарлайды. Ол қазір Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры. «Мемлекеттік оңтайландыру саясаты бойынша «Екі езу» театр статусынан айы­ры­лады. Бірақ Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы өрімдей өнерлі жастарды далаға тастамайды. Облыстық драма театры­­на труппа етіп қоспақшы. Бұл деге­німіз – елдің езуіне күлкі сыйлайтын ұжым­ның жұмысы ешқашан тоқтамайды деген сөз», – дейді Нұрлыбек Жұбатқан. Интер­ме­дия, шағын комедияларды сахналай жүріп, ұжым  Қазақстанды түгел дерлік ара­лап шық­ты. Соңғы жылдары коме­дия­лық спек­такльдерге де ден қоя бастаған эст­радалық-миниатюра театрында 17 адам еңбек етеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста