«Ақтұмарда» ашық есік күні өтті

«Ақтұмарда» ашық есік күні өтті

Жуырда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің аналар тарихына арналған бірегей «Ақтұмар» мұражайы Ашық есік күнін өткізді. Шараға этнолог ғалымдар, мектеп оқушылары мен Алматы тұрғындары қатысты. Қызығушылық танытқан барша қауымға лекция-экскурсия өткізіліп, назарларына «Қазақстан мұражайлары» атты арнайы дайындалған танымдық бағдарлама ұсынылды. Оны «Ақтұмар» мұражайының меңгерушісі Сәуле Кәрібайқызы өткізді.
Мұражай экспозициясы, жалпы, «Ана­лар ұлағаты – елге аманат», «Университет тари­хы», «Әйел әлемі», «Әйелдер шығар­ма­шылығы», «Әйелдердің қоғамдағы рөлі» атты бес бөлімнен тұрады. Мұражай 2002 жылдың қараша айының 8 жұлды­зын­да мемлекеттік «Мәдени мұра» бағ­дар­ла­масы аясында мәдени-рухани құн­дылық­тар арқылы студент жастарға тәр­бие беру, өз мемлекетінің тарихын, тілін және көп­ұлт­ты Казақстан ұлттарының тари­хын құрмет­теу қасиеттерін студент жастардың бойына сіңіру мақсатында ашыл­ған бола­тын. Уни­верситет Орталық Азия мен ТМД аймағын­да қыздарға ар­нал­ған жалғыз оқу орны болғандықтан, музейдің концепция­сында Ұлы даладағы Ұлы ананың қазақ хал­қы­ның қалыптасуын­дағы үлкен рөлін көрсету басты мақсат ретінде көзделді.
Мұражайдың экспозициясында халқы­мыз­дың басына түскен қиын кезеңде қа­зақ қыздарының білім алуына жол ашып, уни­верситетті ұйымдастыруда еңбек еткен мем­лекет қайраткерлерінің ерен еңбектері көрсетіледі. Сондай-ақ университеттің 67 жылдық даму тарихы баяндалады. Мұра­жай қорында университет түлектерінің өмір-де­ректері, университет тарихынан сирек кез­десетін суреттер, деректі кино, бей­не­материалдар жинақталған. Мұра­жайда со­ны­мен қатар белгілі ақын қыздар­дың, өнер мен ғылымға еңбегі сіңген уни­вер­ситет түлек­терінің еңбектерімен таны­суға болады.
Шара соңында келушілер назарына «Ақтұмар» мұражайы жайлы деректі-таным­дық фильм көрсетілді. Ал шараға арнайы қатысқан қазақ қыздарынан шық­қан тұң­ғыш этнолог ғалым Зәбира Жәкіш қаты­сушылар назарына «Халық саз аспап­тары» мұражайының тарихынан сыр шер­тетін слайд-шоуды ұсынды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста