Ақын Бақыт Беделхан Елбасының ең басты кемшілігін айтты
Бақыт Беделхан Қазақстан 1990 жылдары етек-жеңін жиғанша, еліміздің байлығын бандиттер сақтап қалғанын мәлімдеді.
Ақын-драматург, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыр екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты деп хабарлайды Oinet.kz.
- Елбасының батырлығы да, батылдығы да, ақындығы да, азаматтығы да, бәрі бар адам. Кез-келген адам ондай үлкен қасиетке ие бола алмайды. Оның ұлылығын уақыт айтады. Елбасының басты кемшілігі - айналасы. Оның айналасы түгел ор, - деп қысқа қайырды Бақыт Беделхан.
Еске сала кетейік, Бақыт Беделхан Қазақстан 1990 жылдары етек-жеңін жиғанша, еліміздің байлығын бандиттер сақтап қалғанын мәлімдеді.
- Қазақстанның байлығын кімдер сақтап қалды? Братва. Бандиттер сақтап қалды. Рыжий Алмаз, Баха Фестиваль. Солардың кемшілігі қасына батыр ақын ерткен жоқ. Журналист ерткен жоқ. Жазушы ерткен жоқ. Батыр осы екен деп қалды. Сөйтті де заң күшіне еніп, мемлекет билігін, жүйесін қалыптастырып, күшіне енген кезде қасқырдай қырып тастады. Шетелде жүріп өлтірді мысалы. Егер де соның жанында ақын болғанда , соның қасында журналист болғанда, соның қасында жазушы болғанда рухани бай азаматтар соны насихаттап рухани бағыт-бағдар бергенде соларды Үкімет өлтіре алатын ба еді? Өлтіре алмайтын еді,- деді Бақыт Беделхан.