Ақын Бақыт Беделхан жантүршігерлік жол апатынан аман қалған жарына өлең арнады

Ақын Бақыт Беделхан жантүршігерлік жол апатынан аман қалған жарына өлең арнады

 Ақын Бақыт Беделхан жантүршігерлік жол апатынан аман қалған жары Айзада Сатыбалдиеваға өлең жолдарын арнады деп хабарлайды NUR.KZ.

 "Алас-жыр" өлеңін ақын Facebook парақшасына жариялады.

"Есігіңде сұр жылан. Босағаңда боз жылан. Керегеңде кер жылан. Маңдайшада сор-жылан. Миды шағып ысқырған, Отауыңда оқ-жылан. Кімнен медет сұрайын, Қандай амал қылайын, Мен бұған?!

Күннің құтын құяйын. Айдың сүтін сұрайын... Аймалаған ақ шыңды Таң нұры боп құлайын. Қайырылмаса,қарысып, Қара көзден жас емес, Қан шыққанша жылайын. Алтын-ұям - Ақ ордам, Бұғауыңнан босашы, Босата гөр, Құдайым!

Көзі бардың - көзіне... Тілі бардың - тіліне... Сөзі бардың - сөзіне...

Сумаңдаған пәленің Су құйылсын, ініне, Құм құйылсын, көзіне!

...Қабырғаңнан сөктірген, Иығыңнан шөктірген, Қанатыңнан қайырып, Қайғылы азап шектірген,

Жылан кетіп барады, Құйрығы бар, басы жоқ. Енді қайтіп шағады, ...Дұшпаны боп, қасы боп?!

Тұр, тұр, енді! Тұр, енді! Қолдап тұр ғой, Тәңірім. Мені саған жіберді, Жарығым!", -деп жазды ол.

NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста