Ақын Қазыбек Иса Сергей Есенин атындағы Алтын медаль иегері атанды

Ақын Қазыбек Иса Сергей Есенин атындағы Алтын медаль иегері атанды

Бүгін Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада сағат 15.00-де халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, республикалық «Қазақ үні» газетінің президенті, «Құрмет» орденінің иегері, талантты ақын Қазыбек Жарылқасынұлы Исаға Мәскеудегі Халықаралық Жазушылар одақтары қауымдастығының Сергей Есенин атындағы Алтын медалін тапсыру салтанаты болады. Аталған медальді ақынға Халықаралық Жазушылар одақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, жазушы Владимир Середин тапсырады.
Өз туындылары арқылы қазақ жұртының ғана емес, Ресейдің әдебиет саласы өкілдерінің де лайықты бағасын алған ақын Қазыбек Исаның бір топ өлеңдері Мәскеудегі «Советский писатель» баспасында жарық көрген. «Антология каpахской поэзии» жинағында жарияланған.
Көптеген жыр мүшәйраларының жеңімпазы атанған шайырдың осы уақытқа дейін «Керімсал», «Қызыл жыңғыл», «Тәтті шөл» сияқты бірқатар жыр жинақтары жарық көріп, әдеби қауымның жоғары бағасын алған.
Ақынға Алтын медаль тапсыру салтанатына Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Темірхан Медетбек, Исраил Сапарбай, Ибрагим Иса, Ұлықбек Есдәулет, Аманхан Әлім, Азат Перуашев секілді еліміздің белгілі қаламгерлері мен қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста