Ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлына арнаған өлеңі жұртты жылатты

Ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлына арнаған өлеңі жұртты жылатты

Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы 16 жасында өмірден өткен жалғыз ұлына өлең арнап, жұртты жылатты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Rýhy.kz-ке сілтеме жасап.

"Ей, жүрегім, сабыр, сабыр, сабыр де,

Жасамайын күпіршілік Тәңірге.

Құлынымды қиып бердім, қайтейін,

Қабырғасы қара суық қабірге.

 

Тура келген не істей алам ажалға?

Сөз таба алмай қор болдым-ау жазарға.

Қаламымнан қара сия төгілді,

Ақ парақтың бетіндегі ғазалға.

 

Қапелімде ой да келмей орамды,

Тоқтата алмай көзден аққан сорамды.

Қаңтар туа қаңтарылдым баса алмай,

Ішімдегі алай-түлей боранды.

 

Жылаймын ғой, қайтем енді жыламай,

Тағдыр мені жібермеді сынамай.

Күңіренген шығар бәлкім осылай,

Әбішінен айрылғанда ұлы Абай.

 

Зор қайғыдан көтере алмай еңсемді,

Көз алдымда аспан мен жер теңселді.

Он алты-ақ жыл ойнақтаған, қарғам-ай,

Сенен де әттең, өтті-ау жалған өлшеулі.

 

Ғалым болар,  ақын болар деп едім,

Көз тиді ме дара туған бөбегім?

Өң мен түстің арасыңда отырмын,

Түсім қашып түсіне алмай себебін.

 

Дүниенің өлшей білген парығын,

Адалдықты жүрегіңнен таныдым.

Зау биікте аппақ қардың үстінде,

Заулап келіп жаны үзілген жарығым.

 

Әулетімнің маңдайдағы бағы едің,

Әкесінен ассам дейтін бала едің.

Арманыңа жетпей кеткен жаныңды,

Тыныштықта әлдилесін ақ өлім.

 

Ауырлығы қара жердей сынақтың,

Қасіретіне қарсы тұрып шыдаппын.

Құлыншағым шапағатшы болар деп,

Бақшасында сегіз түрлі жұмақтың", - деп жазды ақын желідегі парақшасында.

 

Үстіміздің жылдың 2 қаңтарында бақилық болған Әлихан Серікзатұлы аз ғұмырында білім додаларында оза шауып жүрген үздіктердің бірі еді деп еске алады жақындары.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста