Ақын жыры Астананы асқақтатты

Ақын жыры Астананы асқақтатты

Жақында елорда төріндегі Күләш Байсейітова атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында қазақтың талантты ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлының жеке шығармашылық кеші өтті.
Әдеби ортада «Кентавр мінезді ақын» атанып кеткен Маралтайдың барлық кездесулері мен кештері аншлагпен өтетіні белгілі. «Ассалаумағалейкүм, Астана!» деген атпен дүркіреп өткен бұл жолғы ән-жыр кешіне де ақынның әдебиеттегі қалам­дас аға-әпкелері мен іні-қарындас­тары, жалпы, оқырман көп жиналды.
Қазақ өлеңінің мерейін асқақтатқан кеш шымылдығын ақынның қызы, ақын әкесінің елордамыз Астанаға арнаған өлеңімен ашып берді. Ұлттық эстрада жұлдыздары ән әуелеткен кеш барысында ел зиялылары атынан сахнаға көтерілген қадірлі өнер саңлағы Асанәлі Әшімов ағамыз сөз алып, ақынға игі тілегін арна­ды. Маралтайдың өзі «рухани анам» деп қабылдаған халқымыздың аяулы ақыны Фариза Оңғарсынова сахнаға қойылған үлкен экран арқылы кеш иесіне ақ батасын берді.
Кешке арнайы келген еліміздің мәде­ниет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев: «Маралтай – қазаққа бер­ге­нінен берері көп ақын. Бүгінгі кеші ха­лықтың ортасында арқаланып, шабыт­тануына ашылған жол болсын», – деген тілек айтты.
Қазақ поэзиясына 90-жылдардың ба­сын­да келген буынның көш басында тұрған Маралтайдың поэзиясы әлдеқашан өз бағасын алып, қалың оқырманның тұ­шы­нып оқитын ақындарының біріне ай­налған.
Елордадағы еңселі театрда өткен ақын­ның кеші оның сөзіне жазылған ән­дер­мен, композициялық көріністермен, көне сарынды күйлермен көмкерілді. Жиналған көпшілікке өзіндік мұңлы мақа­мымен тебірене жыр оқыған Маралтай осы шығармашылық кеші арқылы ақын­дық тұрғыдан тағы бір сатыға өскендігін анық аңғартты.

Өмірдерек
Ыбыраев Маралтай Райымбекұлы 1969 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған. Тұңғыш жыр жинағы 1996 жылы «Жазушы» баспасынан «Ай-Нұр» деген атпен жарық көрген. Бұдан соң оқырманға «Ай» атты жинақ ұсынды. «Қарлығаш», «Қос ішек», «Толқыннан толқын туады», «2000 жылдық Дала жыры», «Жас ақындар антологиясы» сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген.
Әр жылдары Қазақстан Жазушылар одағында Әдебиетшілер үйінің директоры, «Кентавр» газетінің бас редакторы, «Қазақстан» теле-радио корпорациясында редактор-жүргізуші болып қызмет атқарды. ҚР Президенті стипендиясының иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. 2008 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Кентавр» өлеңдер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған. Жақында Алматыда өткен қаламгерлердің кезекті құрылтайында  Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста