Ақындардан SМS аямаңыз!

Ақындардан SМS аямаңыз!

«Хабар» арнасында «Жастар жырлайды» деп аталатын айтыс өнерін әспеттеген жаңа бағдарлама осы жылдың қыркүйек айының 11-інен бастап әр жексенбі сайын 15.30-да көрсетіліп келеді.
Жеңімпаз ақындар көрерменнің SМS дауыс беруі арқылы анықталып отырады. Апта сайын оза шапқан ақын жеңімпаз атанып, келесі кезеңге жолдама алады. Kcell байланыс компаниясы арқылы дауыс­тар айтыс эфирден өткен күннен бастап үш тәулік ішінде жинақталып, арнайы комис­сияның отырысында анық­та­лады.
Айтысты талантты журналист, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Жанарбек Әшімжан мен белгілі әнші, сазгер Роза Әлқожа жүргізеді.
Жоба жетекшісі – белгілі тележурналист Арман Сқабылұлы.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнал­ған «Хабар» агенттігі мен «Заңғар» шығар­машылық бірлестігінің бірлескен «Жастар жырлайды» атты айтыскер ақын­дардың тележобасында алдағы бағдар­ламада сөз сайыстыратын арқалы ақында­рымен таныс болыңыздар:

Сөз жүйріктеріне дауыс беру үшін 6010 нөміріне ZH әрпін міндетті түрде теріп, одан кейін бос орын қалдырып, ұнаған ақыныңыздың реттік нөмірін жазып жібері­ңіз.
Аталмыш тележобаның болып өткен бірінші және екінші бағдарламасы бойын­ша Манас Қайыртайұлы (ШҚО) мен Қанат Мырзаханұлы (Жамбыл облысы), Қажымұ­қан Абзалов (Оңтүстік Қазақстан облысы) пен Алтынбек Ибрагимов (Алматы облы­сы) секілді ақындарымызды «Жастар жыр­лайды» тележобасының ІІ кезеңінен көретін боламыз.
Жаңа көзқарастағы жас буынның орам­ды ойлары мен ұтымды пікірлері таласқа түсетін айтыстың көрермені болып, ұлттық өнерімізді асқақтатайық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста