Ақындардың жекпе-жегі

Ақындардың жекпе-жегі

«Ақын ауылда туып, Астанада өледі» деген қағиданың «жаназасын» шығарған ақындардың бірі Садықбек Адамбеков болатын. Арыс ауданында кіндік қаны тамған ақынның соңғы демі де туған жерінде жүріп таусылды. Биыл жерлестерінің ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы болған ақынның туғанына – 90 жыл. Осы мерейлі датаға орай Қазақстан Жазушылар одағы мен облыстық әкімдік өзара бірігіп, Шымкент пен Қызылорданың от ауызды, орақ тілді ақындарының басын қосып, жекпе-жек ұйымдастырды.
Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар дос­тығы үйінде өткен айтысты белгілі са­ти­рик, Садықбек Адамбековтің шәкірті Кө­пен Әмірбек жүргізді. Алайда бұл айтыста ақындардың тапқырлығына, ше­берлігіне баға беріп, балл көтеріп оты­ратын арнайы әділқазылар алқасы болған жоқ. Бұл айтыстың төрешісі де, қазысы да өнерсүйер қауымның өзі болды.
Сахна төріне Шымкент пен Қы­зыл­ор­да­ның намысын қорғаған бес жұп ақын жек­­пе-жекке шықты. Қызылордалық Е.Әб­­диев оңтүстікқазақстандық Қ. Біл­дә­шев­пен са­­­йыс­са, Ә.Сыздықовтың қарсы­ласы Б.Шой­­­­беков болды. Б.Оразымбетов пен Ж.Қа­зиева, Н.Мансұров пен А.Леу­баева, М.Ния­­зов пен К.Оралова жұп құ­рып, «жұ­ды­рық» түйістірді.
Өнер додасы сатирик-ақын С.Адамбе­ков­тің мерейтойына арналғандықтан, әзілге көбірек көңіл бөлінді. Бір-бірін әзіл сөзбен сүріндірмек болған суырыпсалма ақын­дар тапқырлығымен көрермендер кө­ңілінен шығып, зор қошеметке бө­лен­ді.
Көпен ӘМІРБЕК, сатирик:
– Бүгінгі әзіл айтыстың ұтымды ұйым­дастырылғанын мойындаймын. Қа­зақ әдебиетіндегі тұңғыш сатиралық ро­манның авторы Садықбек Адам­бе­ковтің аруағы алдында қандай құрмет көр­сетсек те, артықтық етпейді. Ол – ту­ған өлкесінің ғана емес, бүкіл рес­пу­бли­каның мақтанышы. Ақынның өлең­де­рі көптеген шет тіліне ау­да­рыл­ған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста