Ақындарға sms жолдаңыздар!

Ақындарға sms жолдаңыздар!

«Жастар жырлайды» деп аталатын айтыс өнерін әспеттеген жаңа бағдарламаның «Хабар» арнасынан көрсетіле бастағанына да көп бола қойған жоқ. Дегенмен уақыт өткен сайын аудитория аясын кеңейтіп келе жатқан бұл тележоба қазақ көрерменінің көңілінен шығып отырғанын айту қажет. Айтысқа қатысушы айтыскер жас ақындарға көрермен қауым sms арқылы өз дауыстарын беріп, жеңімпаздарды анықтай алады.
Айтысты талантты журналист, ақын, Мем­­лекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Жанарбек Әшімжан мен белгілі әнші, саз­гер Роза Әлқожа жүргізеді.
Жоба жетекшісі – белгілі тележурналист Арман Сқабылұлы.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына ар­нал­ған «Хабар» агенттігі мен «Заңғар» шы­ғар­­машылық бірлестігінің бірлескен «Жас­тар жырлайды» атты айтыскер ақын­дар­дың тележобасында сіздердің әділ баға­ларыңызды, яғни дауыстары­ңызды күтетін ақындармен таныс болыңыз­дар:


Райымбек Түзелов –29 (Маңғыстау облысы)

Әсет Дүйсебаев – 30 (Жамбыл облысы)

Мұрадым Мирланов – 31 (БҚО облысы)

Марғұлан Ақан – 32 (Алматы қаласы)

Айтыс биылғы қыркүйек айы­нан бері әр жексенбі сайын сағат 15.30-да көр­сетіліп келеді. Бір бағдар­ламадағы сөз додасында оза шапқан ақын жеңімпаз атанып, келесі кезеңге жолдама алады. Kcell байланыс компаниясы арқылы дауыстар айтыс эфирден өткен күннен бастап үш тәулік ішінде жинақталып, ар­найы комиссияның отырысында анықта­лады.
Сөз жүйріктеріне дауыс беру үшін 6010 нөміріне ZH әрпін міндетті түрде теріп, одан кейін бос орын қалдырып, ұнаған ақы­ныңыздың реттік нөмірін жазып жібе­ріңіз. Аталған төрт ақынға дауыс беру 9 қараша күні сағат 21.00-де тоқтаты­лады.
Жаңа көзқарастағы жас буынның орам­ды ойлары мен ұтымды пікірлері таласқа түсетін айтыстың көрермені болып, ұлттық өнерімізді асқақтатайық!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста