"Әр еркек менің жігітім емес": Әлия Телебарисова жеке өмірін сөз қылғандарға жауап берді
Желі қолданушылары актриса Әлия Телебарисованы әріптесімен көңіл жарастырды деп болжады. Бұл сөз актрисаның шамына тисе керек, ол жеке өмірін сөз қылғандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Достарыммен бірге түскен суретті жарияласам, олармен кездесіп жүрмін деген сөз емес. Осыны неге жазып отырмын деп те ойлап отырмын. Бірақ демек бұл менің қытығыма тиеді және онымен жұмыс істеуім керек.
Достарым, әріптестерім, жұмысым бар. Мен тек әйелдердің ортасында өмір сүрмеймін. Көшеде өтіп бара жатқан әр еркек менің жігітім емес. Бос сандырақ жазбаңыздар", - деп жазды Телебарисова желідегі парақшасында.
Айта кетейік, осыдан 1,5 жыл бұрын актрисаның жолдасы ауыр сырқаттан көз жұмды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу