Арал қасіреті – экранда

Арал қасіреті – экранда

Ғаламдық проблемаға айналған Арал мәселесі әлі де шешімін таппай келеді. Осы төңіректе қаншама ғылыми еңбектер түзіліп, қаншама әдеби шығармалар жазылуда.

Арал апаты экологияға алаңдаған түрлі деңгейдегі ірі басқосулардың күн тәртібінен түскен емес. Тартылған теңіз тағдыры күні кеше ғана Алматыда өткен «Тұңғиықтан қайта тірілу: Арал қасіреті» деп аталатын дөңгелек үстелдің бас тақырыбына айналды. Бұл жолғы басқосуды Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы комитеті, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Неміс толқыны» медиакомпаниясы және Германияның Алматыдағы Бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырды. Пікірталас түрінде өткен жиын барысында «Тұңғиықтан қайта тірілу: Арал қасіреті» деп аталатын жаңа деректі фильмнің тұсауы кесілді. Аталған деректі фильмнің сценарий авторлары – Татьяна Жанділдина мен Ули Хуфман, ал режиссері – Дина Байсүгір. Бұған дейін Арал теңізі туралы 1985 жылы белгілі режиссер Сергей Әзімовтің «Аралды жоқтау» атты деректі фильмі түсірілген болатын. Бірақ ол кеңес өкіметі тұсында әртүрлі себептермен қалың көрерменге жол таба алмаған.

Герольд АМЕЛУНГ, Германияның Алматыдағы Бас консулы:
 – Бұл жобаның іске асуы Германияның Қазақстандағы жылына тұспа-тұс келіп отыр. Біз Қазақстанмен өзара тығыз байланысымызда табиғат мәселелерін де назардан тыс қалдырмауға ниеттіміз. Соған сай «Қазақстан» ұлттық телеарнасы мен «Неміс толқыны» радиосы бірлесіп түсірген бұл фильмге қолдау білдірдік.

Татьяна Жанділдина, сценарист:
– Фильмде Арал теңізінің солтүстік бөлігінің бүгінгі хал-ахуалы, ондағы тұрғындардың жағдайы сөз болады. Біз бес күндік сапар кезінде теңіз тіршілігінің қайта жандана бастағанын көрдік. Бөгет арқылы судың толысып келе жатқанына куә болдық. Фильмде біз КСРО заманынан қалған қаусаған кемелерді көрсеткіміз келмеді. Қорқыт қобызының үнімен-ақ жеткізуге тырыстық.

Жоба авторлары алдағы уақытта Арал теңізінің оңтүстік жағалауларына арнайы саяхат ұйымдастырып, фильмді жалғастырмақ екен. Негізінен, орыс тілінде түсірілген осынау деректі туынды енді қазақ тіліне аударылып, өз көрермендеріміздің назарына ұсынылмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста