Аралды қаламына арқау еткен...

Аралды қаламына арқау еткен...

Арал теңізінің трагедиясы мен проблемасы қаншама қаламның сиясын тауысса да, өзектілігін жоғалтқан емес. Бірақ бұл қасіретті өшпестей етіп өзгеше өрнектеу – басқа әңгіме. Бүгінде жазушылар әлемінде Аралды арқау етіп, қаламын тереңінен тербеп жүрген бірегей қаламгер бар. Ол – Қуаныш Жиенбай. Қаламгер-публицист Бауыржан Омарұлының сөзімен айтсақ, Қуаныш Жиенбайдың «қайда жүрсе де, ми жүйесінің бір мүйісінде Арал тұрады».
Осы күні қалың оқырманға өзінің дара сти­лімен танылған жазушы халықтан да өз ба­ғасын алып үлгерді. Бар болмысымен Арал­ға беріле білген жазушы осы өңірдің пер­зенті ретінде өз борышын өтей білді. 
Қуаныш Жиенбай 1952 жылы Қы­зыл­ор­да облысы Арал ауданы Бөген ауылында дү­ниеге келген. Бұл аймақтың топырағы есі­мі елге белгілі талай жазушы-журналисті шығарған. Сол қасиетті топырақтан Қуа­ныш Жиенбай да нәр алған. Сондықтан да Ба­уыржан Омарұлы өзінің Қуаныш Жиен­бай­ға арналған эссесінде: «Осындай ауыл­дан Қуаныш секілді «Лениншіл жастың» бе­тін бермей тұрған алымды журналистің, қа­рымды жазушының шығуы заңды секілді кө­рінді», – дейді. «Аралдың ақжал тол­қы­ны» деп аталған эссенің атауы да жазушыға та­ғылған әдемі теңеу дедік.
Жазушы өлкесіндегі елді ме­кендердің тағ­дыры Арал теңізіне бай­ланған. Аралдың сорға ай­налуы халыққа сор болса, теңіз ар­­насының толуы жұртқа құт бо­лып са­налады. Бүгінде те_ңіздің ахуалы баршаға мә­лім. Ал Қуаныш Жиенбай сол өлкенің про­­блемасын бес саусақтай біледі. Ол Арал теңізі маңайын­да­ғы елді мекендердің қа­­сіре­ті­не бізден гөрі қанық. Сон­дықтан да жа­­зушының бірнеше шығар­масы Аралдан «та­мыр алып», оқыр­мандарға жол тар­та­ды. Өйт­кені ол Арал проблемасын тас­қа таң­ба басқандай етіп қал­ды­руды өзінің парызы са­найды.
Қуаныш Жиенбайдың шы­ғар­маларын оқып отырып, жа­зу­шы Арал мен сол ма­ңай­дағы ел­ді мекендердің трагедиясын қа­­лайша ойнатып бере білген деп таң­ғаласың. Әр шығармасы әр­түрлі фор­ма­мен, әртүрлі тәсілмен, өзгеше стильмен өріл­ген. Кейіпкеріне бар болмысымен бе­ріле білген ол оқырманды да шығар­маның шыр­мауына орап әкетеді. Жазушы халықтың жанайқайын кейіпкердің аузына салып, кейде монологпен, енді бірде диа­лог­пен көркем жеткізеді. Адресіне тура сіл­тейді.
Мәселен, жазушының «Әкім кетіп қал­ды» деген әңгімесін алайық. Әңгіме Кіші Арал маңындағы Көнебөген ауылының Се­йілхан дейтін әкімі жайында. Соның ішкі дү­ниесінің әңгімесі ретінде жазылған. Арал теңізінің проблемасы әкімнің де бас қай­ғысы, шермен-шеріне айналған. Се­бе­бі әкім, жазушының сөзімен жеткізсек, «өз­геше өзгеріс іздейді, жұпынылау ай­на­ла­ны гүлзар баққа айналдыру – арманы». Бірақ қол қысқа. Сейілхан жоғары жақтағы ше­неуніктердің гүмпіл әңгімесіне, сиыр­құ­йым­шақтанып кете беретін уәдесіне, қы­сыр сөздеріне күйінеді. Сол үшін өзін іштей мү­жиді. Осының бәрін әкімнің аузымен, ой-қиялымен жазушы жақсы бере білген. Жазушы бұл әңгімесімен Арал маңы про­бле­масы қанша жазылып, айтылғанымен, «бая­ғы жартас – сол жартас» күйінде әлі күн­ге дейін қалып келе жатқанын да жет­кіз­гісі келеді. «...Жан-жақтан, сонау ше­тел­ден экзотика іздеп келгендердің талайы Кө­небөгеннің дәмін татқан. Киноға тү­сірген. Қаңқиған кемелерді, құмға батқан ауыл­ды, қолдары майысып, тұлымшағы жел­біреген қыз баланың шыңыраудан су тар­тып тұрған суреттерін талай-талай жыл­тырақ журналдардың беттеріне жа­рия­ла­ған. Содан бір нәрсе өнді ме?!» – дейді. Өң­ген түгі де жоқ. Себебі бәрі «гүмпіл ғой ән­шейін, гүмпіл. Қазір жарты әлемді гүм­піл­деген өтірік сөздер тұншықтырып тұр. Қай­да бармаңыз – гүмпіл, бірінен-бірі асып, бірінен-бірі басып озған қызыл сөз. Бұл жарағырлардың қашан саябыр­си­тын­дығын, сірә, тірі жан тап басып айта алмас. Сол пәлесі күн сайын үдеп бара ма, қалай? Ақы­ры, осы гүмпілдің арқасында әлемнің ша­рықтаған шаңырағы гүмп етіп ортасына түсіп кетпесе сол-ақ».
Жоғарыдағылар әкімнің сұрағанын бер­мейді, арызына жауап қатқысы жоқ. Бү­йіріндегі Байқоңырдан ұшқан, ұша ал­май жер құшқан зымырандардың зар­да­бын тартып отырған халықтың да мәселесі шаш етектен. Бірақ түйінін ешкім шешкісі жоқ. «Шындығына баққанда, экологиялық апат­ты аймақтың әлеуметтік мәселелерін ше­шетін дерек дегеніңіз жыртылып айы­ры­лады. Ал бұлардікі – үйреніскен дағды, оны тереңдетіп, елдің игілігіне асыруға мойындары жар бермейді. Бәрін бетінен қал­қиды, өзгеріссіз, жаңалықсыз ескі сүр­леумен тарта бергілері келеді». Бұған әкім қай­дан шыдасын?! «Келесі айда аудан бас­шы­сына өз аяғымен барып, арызын тап­сыр­ды. Бірақ әкімнің не үшін қызметтен кет­кендігін тірі жан түсінбеді». Міне, жа­зу­шы өз аулының проблемасын осылай жа­зып береді. Өйткені жазушының да бұл проблеманы басқаша жазар амалы қалмаған секілді.
«Өгей» деген әңгімесі де – Аралдың тағдырына алаңдаудан туған шығарма. Бәрін тәптіштеп қайтеміз, әңгіме арасын­да­ғы мына сөйлемдер де жазушының ай­тарын аңғартып тұрған жоқ па?! «Теңіз-ана­мыз әл үстінде жатқанда аузына су та­мыза алмадық-ау деп, кәдімгі адами жа­нашырлық танытатын бірі жоқ. Немесе: «ООН-нан, одан бергі мәртебелі мін­бе­лер­ден Аралды бір мезетте суға толтырмақ бол­ғандардың уәделері айдалада қалды. Ха­лықаралық қорлар да көмек қолдарын соз­ған секілді еді. Бүгінде бәлду-бәлду бә­рі – өтірік». Жазушының «Ән салуға әлі ер­те» деген романы да жазушылар арасында қы­зу талқыға түсіп, өз бағасын алған. Жа­зушылардың көбі Қуаныш Жиенбайдың өз­геше стиліне тәнті. Қысқасы, Қуаныш Жиен­бай – Аралды қаламына арқау еткен жа­зушы.

Әкім Тарази, жазушы:
– Әдетте кейіпкерлерге біз, қаламгерлер, жоғарыдан қараймыз ғой. Өз кейіпкерлерімізді менсіңкіремей отырып жазамыз. Ал Қуаныш кейіпкерлерінің өзі болып кетеді. Қай кейіпкерін жазса да, қай кейіпкерін сөйлетсе де, мейлі, ол әйел болсын, мейлі ер адам болсын, соның ішіне кіріп, психологиясын толық меңгеріп отырып жазады. Сондықтан бұл – қазақ әдебиетінде бұрын болмаған тақырып қана емес, кездеспеген стиль де.

Мәуен Хамзин, филология ғылымының докторы:
– Қуаныш Жиенбайдың қаламгерлік даралығы мынадай жайттардан байқалады. Оның шығармаларында ұзақ-сонар баяндау тәсілі сирек кездеседі. Авторлық баяндаудың өзіндік мінезі (характер) бар. Характерлі баяндау көп ретте ой ағымымен астасқан. Ой ағымы, яғни полифониялық тәсіл қаһарманның жан әлеміне үңілуге, ішкі дүниесіне барлау жасауға мүмкіндіктер туғызады. Осының нәтижесінде қаламгер шығармашылығы үшін жалпы адамзаттық, мәңгілік сауалдардың бой көтергенін байқау қиынға соқпайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста