Ардың сөзін сөйлейтін басылым дүниеге келді

Ардың сөзін сөйлейтін басылым дүниеге келді

Сонау Қүлтегін мен бүгінгіні жалғайтын қазақта ар ілімі деген бар. Атадан балаға мұра болып келе жатқан текті сөз жайлы Шәкәрім: «...Адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ», – дейді. Әл-Фараби, Абай, сосын Алаш арыстарынан кейін ашық айтылмай кеткен «Ар ілімі» ақпарат құралы болып қазаққа қайта оралды.

Мөлт етіп тұнған таңғы шықтай мөлдір ілім мен адам баласының дәл сондай таза, сондай пәк кезін үйлестіріп, жасөспірімдерге арнап журнал шығаруды қолға алып отырған – алаштанушы ғалым Айгүл Ісмақова.
Айгүл ІСМАҚОВА, филология ғылымының докторы, профессор, «Ар ілімі» журналының бас редакторы:
– Биыл біздің Тәуелсіздік деген басты құнды­лығымызға – 20 жыл, ал соған негіз болған, түрткі болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толады. Осы екі оқиға қарсаңында біздің қазақ қоғамында болып жатқан соңғы зерттеулер мектеп пен жоғары оқу орындары бағдарламаларына жетпей жатыр. Сондықтан осы Отанымыздың та­рихы бейнеленген асыл сөзіндегі «ар білімі» деп Шәкәрім бабамыз айтып кет­кендей,  ізгілікті мәтіндерді «Ар ілімі» деп бүгінгі жасөспірімдердің санасына дайын­дап беруді біз өзімізге ғылыми мақсат деп санадық. Себебі қазақ – қазір Орта Азия елдерінің көшбасшысы,шүкір, эко­номи­камыз қуатты. Алайда тәуелсіз кездің ұр­пағы өз Отанын біздің баба­ларымыз сияқты саналы түрде сүйе ме? Өз Отанына қызмет етуді ешбір ақысыз-ақ, өзіне парыз етіп қойып отырған ұрпақ қазіргі біздің өсіп келе жатқан балалары­мыздың ара­сында бар ма? Әйтпесе, біздің қазақ ешқашан тек ішіп-жегенге мақтанбаған. «Ұл туса, ел қорғаны» деп білген халықтық түсінікті бүгінге қайта жаңғырту, сол бір рухты қайта оятуды біз өзімізге мақсат деп түсініп, бүгінгі «Ар іліміне» ту қылып алып отырмыз.         
Әлия БӨПЕЖАНОВА, сыншы:
– Қазір өзі рухани оқиғалар жиі орын алып жүр, соның ішінде бүгінгі оқиға ерек­ше сияқты. Өйткені қазір компьютер заманы дейміз, техника билеген дәуір деп те жүрміз, бірақ баспа өнімдері: кітап, газет журналдың орны бәрібір бөлек. Бүгін қазақтың рухани кеңістігінде бір жаңа басылым дүниеге келіп отыр, «Ар ілімі» деген атауының өзі қандай?!. Бас редакторы Айгүл Мұхамедсеріқызын талай үлкен іс тындырып жүрген адам ретінде, алаш идеясын бүгінде қайта жаңғыртып, рухани айналымға түсіріп жүрген ғалым ретінде жақсы білесіздер. Ғалым деген – ірі қай­раткер, ірі ағартушы екенін ескерсек, соның бүгінгі заңды жалғасы іспетті Айгүлдің өз атына сай ірі істі бастағанына қуанып, іске сәт тілейміз!
Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жа­зушы:
– Соңғы уақыттарда қазақ арасында ар-ұят, намыс деген сөздер көп айтыл­майтын болып кетті. Баяғыда Қарабах деген үлкен даулы мәселе кезінде Әзір­байжан компартиясының бірінші хатшысы Армения хатшы­сымен текетірес барысында «бізде де ар-намыс деген бар» деп айтып салды. Шешуші сәтте үлкен басшының аузынан осындай үлкен сөз шыққанына қуанып кеттім, таңғалдым да бір жағынан. Себебі ұлттық намыс дегенді көтеру дәл сол тұста жалаңдаған қылышқа қарсы жалаңтөс ұмтылумен бірдей еді. Жалпы, негізі, халықтың тағдыры шешілетін тұста ар-намыстың бірінші орынға шығатынына сол жолы көз жеткіздім. Сондай сәттің бізге де туғанына аз болған жоқ, бүгін, міне, ол үн қатып отыр. «Ар ілі­мі» дәл кезінде дү­ние­ге келіп отыр және атауы да өте сәтті алынып отыр. Өйткені үй ішінде де, үй сыртында да біз ар-ұят, ұлттық таным дегенді тіпті ұмытуға айналдық. Тіпті оны мүлдем уыстан шыға­рып алуға да шақ қал­дық десек бол­ғандай. Дүниенің қы­зығына беріліп, ақша­ның жо­лына түсіп кету деген нәрсе қоғамның өзегін жегідей жеп ба­рады. Бір кездері өзі тіп­ті қол­дан өзіміз сол байлыққа ұмтылып, бір-бірімізге «байеке» деп сөйлейтін болдық. Меніңше, біздің мықтап қателес­кен тұсымыз осы болды. Себебі баю­мен қатар, жемқор­лық пен сыбай­ластық­тың келетінін ұмытып кеттік. Ал сонда ар-ұят, ұлттық жорал­ғылардың бар­лығын сол кезде бірінші кезек­ке қойып, мықтап ұстан­ғанда, мүм­кін осынша дәре­жеге жет­пес пе едік?! Сон­дықтан «Ар ілімі» бізге өмірде ар деген алтыннан қымбат құн­дылықтың барын еске салатын басылым болса екен деп тілейміз! 

Түйін
Не ексең, соны оратын астықты алқап секілді, бала санасы – әлі игерілмеген тың. Оған дән егіп, нан алу да немесе не еккенімізді өзіміз де білмей, соңында арамшөп құшып қалуымыз да – өз қолымызда. Осы тұрғыдан келгенде, «Ар ілімі» атты басылым әлгіндей жас санаға еккен адал дән болғалы тұрғандай. Онда Ақаң да, Жақаң да, яки кешегі «алашым» деп өткен арыстар мен бүгінгі соның ізбасарлары – бәрі бала болып та, дана болып та сөйлейді. Жалпы, байлықпен, бармен малданбай, армен сусындаған ұрпақтың түбі сүйсінтері сөзсіз. Әйтеуір «Арам сулы балаға аталар сөзі ұнамас» деген Шортанбай ақынның сөзі қазақтың баласына айтылмаса екен...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста