Арман Сқабыл:" Қазір әлеуметтік желіде "лоторея ойнату" деген бәле қатты белең алды"
АБАЙЛАҢЫЗ! "АЛАЯҚ-ЛОТОРЕЯ"! Ашқұрсақ халықты алдау оңай. Елдің тұрмыс-тіршілігі төмендеген сайын "аңқау елге арамза молда" да көбейе ме деймін. Қазір әлеуметтік желіде "лоторея ойнату" деген бәле қатты белең алды. "Он мың теңгеге билет алсаң автомобиль ұтасың, екі бөлмелі пәтердің кілтін ұстатамыз" деген жарнамадан көз сүрінеді. Еспанов деген әнші тіпті 20 көлікті ұтысқа қойыпты. Жалпы құны 61 миллион теңге! Бұл не деген "батпан құйрық"! Біздің білуімізше Қазақстанда лоторея ойнатуға жалғыз ғана оператор -компанияның қақысы бар. Мемлекет соған ғана лицензия, рұқсат берген. Қалғандарынікі заңсыз. Халықты алдау. Заңды белден басу. Заңды бұзғандар онда неге жазаланбайды? Салық төлемей миллиондарды қалтаға басқандарға тиісті органдар неге көз жұмады? Бұл сауалдардың жауабын бүгін Парламенттегі дереккөзден алдық. Алаяқтар, абайлаңыздар! Енді "Лоторея қызметі туралы заңға" толықтырулар енгізілген соң "лоторея-лохотроннан" пайда тапқыш Еспанов және сол секілділер мемлекетке 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (500 000 теңге) айыппұл төлейді. Ұтысы тәркіленеді. Оған көнбей халықты алдауды жалғастыра берсе жазасы тіпті ауырлайды. Ал, аңқау халқыма айтарым- алаяқ-лотореядан алыстау жүрейікші! Алданып болдық қой! Бізді кім алдамады? Ендігі қалғаны "Еспановтар" еді...