Арменияда «Қазақстан» ағашы өсіп тұр

Арменияда «Қазақстан» ағашы өсіп тұр

Газетіміздің өткен сандарының бірінде Армения астанасы Ереван қаласында өтіп жатқан Халықаралық поэзия фестивалінің барысы турасында арнайы репортаж жариялаған болатынбыз. Онда бір аптаға созылған шараның алғашқы күндері жүзеге асқан бағдарламаларымен таныстырған едік. Ұйымдастырушы жақ әр елге өтініш білдіріп, фестивальға қатысатын өкіл жіберуді сұрағаннан соң, Қазақстан Жазушылар одағының ұсынысымен және «Алаш айнасы» газетінің қолдауымен әлем ақындары бас қосқан елеулі шараға қатысуға біз де мүмкіндік алған едік.
Өткен аптаның сенбі күні аталған фес­тиваль қорытындысы шығарылып, өлең­ді төр­ге оздырған шараға қатысушы ақын­дардың қатысуымен әдеби кеш болып өтті.  Осы сапар аясында армян­дар­дың кешегі өткен және бүгінгі тарихымен, мә­де­ние­тімен, әдебиетімен барынша жақынырақ та­нысуға мүмкіндік алдық. Армяндар дү­ниежүзіндегі ежелгі халықтардың бірі са­налады. Тас дәуірінен біздің дәуірімізге де­йінгі армян халықтарында мәдени ес­керт­кіштері жайлы материалдары әлі күнге де­йін сақталған. Отырықшы ел бол­ған­дық­тан, жерлерінде көне шіркеулер көп сақ­талған, ара-тұра ескі мешіттер мен мұ­сылман қорымдары көзге ұшырайды. Бей­рес­ми есеп бойынша бүгінгі әлемдегі ар­мяндар саны 10-12 млн арасында деп есеп­теледі. Алайда бүгінгі Арменияда 4 мил­лионға жетер-жетпес халық тұрады екен, оның 1,5 миллионы – Ереван қала­сы­ның тұрғындары. Сан жағынан едәуір жапа шегіп, демографиялық әлсіз ахуалды бастан кешіріп келе жатса да, қазіргі армян халқының ертеңгі күнге деген үміті зор. Біраз жылда елдегі саяси-экономикалық жағдай түзеле бастаса, дүниенің әр тұ­сын­да шашырап жүрген қандастарын туған жер­ге қайтару мәселесін қолға алмақ ниет­тері бар. Бұл ретте армяндар «шеттегі аға­йындардың тарихи Отанына оралуына ба­рынша мүмкіндік жасап отырған Қазақ­стан тәжірибесінен аларымыз көп» дейді.

                   Көне де жаңа Ереван

Ганад ЧАРКАЗЯН, Беларусь ақыны:
 – Бүгінгі әлемде заманауи техни­ка­лық прогресс қатты дамып, рухани құн­ды­лықтар құлдырау үстінде. Сондықтан да әрбір ұлт осындай сапырылысқан қо­ғамда өзінің дінінен, тілінен, әде­биеті мен мәдениетінен, тарихынан қол үз­беуі керек. Арменияда өткен Халық­ара­лық поэзия фестивалі дүниенің төрт бұ­рышынан жиналған қаламгер қа­уымды көп ойларға жетеледі. Демек, әр елдің саяси ұстанымы, әлеуметтік жағдайы әрқилы болғанымен, адамзат баласы рухани кеңістікте тату-тәтті өмір сүруі керек. Ал әдебиет пен өнер – халықтарды жақындастыратын керемет құбылыс.

Аннакурбан АШИРОВ, Түрікменстандағы көне қолжазбаларды зерттеу институтының директоры:
– Түрлі экономикалық, әлеуметтік қиын­дықтарға қарамастан, Армения хал­қы өз тарихын түгендеп, төл мәде­ние­тін дәріптеу жолында көптеген игі жобаларды жүзеге асыруда. Мен көп жылдардан бері көне қолжазбаларды жинап, оларды зерттеумен айна­лы­самын. Талай елдерде болдым. Бірақ Ере­ван­дағыдай жақсы сақталған ежел­гі жазба мұраларды көп кездестірмедім. Мем­лекеттік бюджеттен елдегі ең үлкен қолжазбалар қоймасы Матенадаран атты мұражай-институты заманауи үл­гі­де күрделі жөндеуден өткізілген. Қа­лай десек те, Ереван бүкіләлемдік кітап ас­танасы деген атқа лайық екенін дә­лел­деді.

                   Еревандағы Наурыз тойында

Бір аптаға жоспарланған сапар ба­ры­сын­да біз тау-тасты жағалай орналасқан Ере­ваннан бастап, Эчмиадзин, Ванадзор, Цак­­хадзор, Гюмри, Гегард, Гарни елді ме­кен­­­деріне саяхаттап, таңғажайып қалпын­да сақ­талған ежелгі архитектуралық ес­керт­­­кіш­тер мен мұражайларда болып, жергілікті халықпен жылы жүздесулер өткізіп, ұлттық сипаттағы әдеби-мәдени шараларға қатыстық. Аталған жерлерді аралап, алақандай Армениямен таныса түскен сайын мұнда да кезінде түркінің табаны тиген жер екендігіне көзің жете түседі екен. Мұны әншейін әдемі әсерлердің жетегінде айтылған сөз емес, тарих өзі дәлелдеген, талай мықтылар дерегін жазып қалдырған тағдырлы тарих таңбасы деп қабылдаған жөн. Өзімді келгеннен қарсы алып, жат жерде ағалық қамқорын көрсетіп жүрген Армениядағы Қа­зақстан елшілігінің кеңесшісі,  белгілі қа­лам­гер Азат Әкім, осы елдің түркі дү­ние­сімен, әсіресе қазақ тарихымен байла­нысты тұстарын өзінше зерделеп, бұл жө­нінде кезінде баспасөз беттерінде бірнеше мақалалар жариялаған. Азекең өз жазбаларында мынадай деректерімен бөліседі:
«Арменияда ою-өрнегі қазақтың ұлттық нақыштарын еске түсіретін тарихи ескерт­кіштер (мысалы, Хпчахаванк, хпчах+ванк, қыпшақ+монастырь, оқшау ғимарат, Ширак облысы, ХІІ ғасыр), әлдеқашан арнасы кеуіп қалған Қазақ өзені, Қыпшақ (қазіргі атауы Арич) елді мекені бар. Орта ғасырлардағы ұлан-байтақ Батыс Қыпшақ мемлекеті (Дешті Қыпшақ тұсында) кезеңінен қалған жәдігерлердей көрінеді. Өткен ғасырдың ортасынан бері Еревандағы Матенадаран институтында сақтаулы қыпшақ қолжаз­баларын тарих­шы­лардың, сондай-ақ фи­ло­лог­тар­дың зерт­теу мәселесі ара-тұра көтеріліп келеді. Өкі­нішке қарай, соңғы онжылдықтарда жекелеген маман тарихшылар мен линг­вис­тердің Қазақ­станнан Арменияға кел­ге­ніне қарамастан, жан-жақты және те­рең­детілген сипаттағы зерттеулер жүргізілмей ке­леді. Қыпшақ және қазақ тілдері ұқсас тіл­дер саналады. Қыпшақ тілінде, бірақ ар­мян графикасы әріптерімен жазылған мә­тіндермен жұмыс істеу қыпшақ тілін, сон­дай-ақ ежелгі армян тілін білуді талап етеді. Сонымен бірге осы ғы­лыми еңбек қа­жет­сі­нетін білім-білігі бар ма­мандар тиісті орталық мем­лекеттік мекеме­нің қаржыландыруымен қолжаз­ба­лар­ды қажеттілігіне қарай ұзақ айлар бойы, бәлкім, бір жыл тыңғылықты зерттеуі қажет. Лингвист-ғалым А.Сафарян­ның пікірінше, осындай салиқалы еңбек нә­ти­жесінде қазақ тілінің ежелгі бастауларына қа­тысты жаңа ізденістерге жол ашылуы мүм­кін».
Шынында да, әлемнің әр тұсынан жи­нал­ған делегация мүшелері тарих қойнауынан бү­гінге жеткен осы атаулардың жай ғана сәй­кес­тік емес, соншалықты айқын өмір шын­дығы екендігіне көз жеткізгендей болдық.
Оқырманның есіне сала кетсек, осы сапар барысында өткен Халықаралық поэзия фестивалі  ЮНЕСКО шешімімен биыл «Ереван – кітаптың бүкіләлемдік астанасы» деп жариялануына орайластырылған. Оған әлемнің 30 елінен және Арменияның өзін қосқанда, барлығы жүзден астам ақын қатысты. Фестиваль бағдарламасы аяқталар шақта шараға қатысушы мемлекеттердің өкілдерінің әрқайсысы өз елінің атынан Ере­вандағы Армения Жазушылар одағы жа­нындағы жасыл алаңқайға ағаш отырғызды. Осылайша, біз осы елдегі тұңғыш «Поэзия саябағының» негізін қалаған алғашқылар қатарынан көріну бақытына ие болдық. Енді Арменияға жолы түсіп, Еревандағы Жа­зушылар үйіне барған адам «Қа­зақ­стан» деген белгісі бар ағашты көріп, саясында естелік суретке түсе алады. Біз отырғызған талшыбық келешекте мәуелі бәйтерекке айналсын деп тілейік.
Фестиваль қорытындысы шыға­ры­латын кезден бір күн бұрын Армениядағы Қа­зақстан елшілігі осы елдегі қонақ­тар­ды шақырып, Наурыз мерекесін кең кө­лемде атап өтті. Оған Армения орта­лық мемлекеттік органдарының өкілдері, Парламент депутаттары, дипломаттар, жергілікті қоғам қайраткерлері мен дін қызметкерлері, «Қазақстан достары» клубының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Армениядағы Төтенше және өкілетті елшісі Айымдос Бозжігітов мерекені ашу рәсімінде сөйлеген сөзінде көпұлтты Қазақстан бүгінде этникааралық және дінаралық татулықты сақтауда өзіндік үлгі көрсетіп келе жатқан тәуелсіз мемлекет екендігіне тоқталды. Дипломат қонақтар қазақтың ұлттық өнерімен танысып, арнайы тігілген ақшаңқан киіз үйдің ішінде елшілік дайындаған қазақы дастарқаннан дәм татты.

                    Матенадаранда сақтаулы ең көне ірі және ең көне кішкентай кітап

Халықаралық фестивальдің жабылу салтанатында Ереван қаласы өзінің  «Бү­кіл­әлемдік кітап астанасы» атағын Тайланд астанасы Банкгок қаласына табыс етті. Алдағы айда армяндық делегация Бангкокқа арнайы барып, кітап мерекесіне орай ұйымдастырылатын мәдени шараларға қатыспақ. ЮНЕСКО қолдау білдіріп отыр­ған бұл жоба аясында енді Тайланд жерінде түрлі халықаралық фестивальдар мен форумдар, ғылыми-танымдық конференциялар ұйымдастырылмақ. «Бүкіл­әлем­­дік кітап астанасы» деп аталатын ауыспалы атақты бұған дейін әлемнің он­шақты астанасы иемденіп үлгерген. Жобаның мақсаты – бүгінгідей ақпараттық-тех­нологиялар заманында адамзат баласының жан азығы саналатын кітап атау­лыны насихаттап, көне қолжазбаларды зерттеп, ұрпақ игілігіне жарату. Сонымен қа­тар кітап астанасы атану құрметіне ие болған елде кітапхана, мұражай сынды та­рихи-мәдени ошақтарды заманға сай қайта қалпына келтіру жағы да қарастырылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста