«Арнадым саған, атажұрт» кітабы жарық көрмек

«Арнадым саған, атажұрт» кітабы жарық көрмек

Семей қалалық кәсіподақтар үйіндегі Оралмандарды бейім­деу орталығында алдағы уақыт­та жарыққа шығатын «Арнадым саған, атажұрт» атты энциклопе­дия­­лық үлгідегі кітаптың жобасы таныстырылды. Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Туған жерге тағзым» акциясы аясындағы мақсатты істің санатынан табы­латын бұл жобаның авторы – Әскерхан Ақтай. 
Жоба таныстырылмас бұрын Семей қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Айдын Рысбекұлы шара барысын қысқаша баяндаған соң, белгілі этнограф тарихшы Мұхаметқазы Мұхамадиұлы сөз алып, осыдан 50  жыл бұрын кеңестік кезеңдегі шекара ашылған шақта туған жеріне оралған қандастары­мыз­дың өмірінен сыр шертті. Белгілі ақын  Құсмілия Нұрқасым орал­ман ағайынға қатысты түйген ойларымен бөлісе келіп, қазақтың көрнекті ақыны К.Мыр­забековтің «Көрін­ген көз ұшында Тарбағатай» де­ген әйгілі өлеңінің тарихы, басқа да жайлар туралы мол мағлұмат берді.
Бұдан кейін оралмандар үшін ғана емес, барша қазақтың  игілігіне айналатын «Арнадым саған, атажұрт» жобасы туралы идея авторы Әскерхан Ақтай арнайы слайд арқылы болашақ кітап тарауларымен таныстырды. Жинаққа Шығыс өңірдің қалалары мен аудандарында табысының тасы өрге домалаған, айналасының үлгі тұ­тар азаматына айналған жандар еніп, олар­дың өмір жолы, жетістіктері, иелігін­де­гі ны­сандары суретімен берілген.   
Алла сәтін салса, жоспарланып отырған кітап­тың тұсаукесерін фестиваль деңгейін­де өткізу көзделіп отыр. Ә.Ақтайдың ай­туын­­ша, маусым айында Өскемен қала­сын­да өтетін тұсаукесер кезінде 1000 ада­м­ның қатысуымен еліміздің Әнұраны шырқалып, «Қаражорға» биі орындалатын болады. Сондай-ақ облыс әкімдігінің қол­дауымен киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар мен жәр­меңке өткізілмек. Фестиваль соңында «Үз­дік дәрігер», «Үздік шаруа қожалығының иесі», «Үздік кәсіпкер», «Үздік қолөнер ше­бері» секілді бірнеше номинация негізінде облысымыздың аудан, қалаларының ұсы­ныстарымен бірқатар азаматтар марапат­тал­мақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста