Арқа төсінде ел Тәуелсіздігін жырлаған айтыс өтті

Арқа төсінде ел Тәуелсіздігін жырлаған айтыс өтті

Біраз уақытқа тұсалып қалған қазақтың төл өнері – айтыс қайта жанданды. Мәдениет министрлігінің ресми қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 19 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы» атты үш күнге созылған республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.
Аманжол Әлтаев, Айнұр Тұрсынбаева, Бал­ғынбек Имашев, Шырынбек Қой­лы­баев, Жандарбек Бұлғақов, Ринат Зайытов, Рүс­тем Қайыртайұлы, Сара Тоқтамысова, Бек­арыс Шойбеков, Мұқтар Ниязов сынды елі­міздің түкпір-түкпірінен келген 26 сөз мер­гені қатысқан үш күндік қызыл тіл бә­секесінде қазақтың қасиетті өнері жаңаша реңкке ие болғандай болды. Басында екі күнге жоспарланған дүбірлі дода кейін үш күнге ұзартылғаны белгілі. «Бұның себебі – айтысқа шығып, халық сөзін сөйлеймін деген дуалы ауыз ақын-айтыскерлердің көбеюі мен халықтың айтысқа деген ыстық ықыласы ескерілді», – дейді айтысты ұйымдастырушылар.
«Мінекей, қазақтың ең қасиетті өнері Елорданың төріне шығып отыр. Бүгінгі ай­тыс­тың жөні бөлек. Ерекше. Ақындар же­тістік атаулыны кемелінен асыра жыр­лады. Бұлай ағынан ашыла да, ән-күйге шашыла да, төкпелетіп, төпелетіп өткізудің де бір себебі бар-ды. Айтыс – ендігіде мемле­кет­тің маңызды деп білер белбаласы. Бұл – аламан айтыс. Бұл – елдің елдігін жыр­лай­тын, Тәуелсіздіктің тұғырын мық­тайтын ай­тыс. Бірер жыл демін ішке тарта тұрған, тым-терең тыныста болған бұл қазақтың қасиеттісі бүгін қайта түлегендей күй кешті. Ақиық ақындарымыз арын да, барын да салды бұл додада. Қайсыбірі, кү­ні бүгінге де­йін қозғалмай келген тоңмойын та­­қы­рыптың шетін сөксе, енді бірі Тәуелсіздіктің таңын қайта атырғандай, жетістік атаулыны кемелінен асырғандай етіп жырлады», – деп атап өтті мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Ақындар екі күн бойы айтысып, 13-і кү­­ні өткен ақтық сынға Аманжол, Бал­ғын­бек, Бекарыс, Айнұр бастаған сегіз дүл­дүл өтті. Қызықты да тартымды өткен ай­­тыстың нәтижесі бойынша, бас жүлде және «Еліміздің бас ақыны» мәртебесіне белгілі ақын-айтыскер Аманжол Әлтаев ие болып, «Тойота Лэнд Крузер Прадо» авто­кө­лігінің кілтін алды. Бірінші орынға ас­та­на­лық ақын Айнұр Тұрсынбаева лайық болса, II-III орындарға Бекарыс Шойбеков және жас ақын Жандарбек Бұлғақов ие болды. Айтыстың бас демеушісі –«Са­мұ­рық-Қа­зына» әл-ауқат қорының атынан барлық же­­ңім­паздарға су жаңа автокө­лік­тер сыйға тар­тылды.
Сондай-ақ Әлібек Серғалиев, Сара Тоқ­тамысова, Еркебұлан Қайназаров және Сы­­рымбек Сәрсембаев сынды от ауызды, орақ тілді ақындарға ақшалай сыйлықтар та­­быс етілді. «Нұр Отан» халықтық демо­кра­­тиялық партиясының хатшысы Қайрат Са­­тыбалды Балғынбек Имашев бастаған үш ақынға тағы үш көліктің кілтін табыс етті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста