Аша Матай Арман Қоңырмен ажырасты деген алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды
Аша Матай араға ұзақ уақыт салып сұхбат берді. Екінші рет ана атанғалы бер әнші көгілдір экраннан көрінбей кеткен еді. Әнші, актриса әрі тележүргізуші өмірінде болып жатқан жаңалықтарды айтты. Арманмен қол ұстасқан, сөз салған уақыттарды еске алды. Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды.
Аша Матай екінші қызын өмірге әкелді. Тележүргізуші осыдан соң телеарнадан көрінбей кетті. Біраз уақыттан соң шығармашылығына қайта көңіл бөле бастағандай.
"Мен Айымды өмірге әкелдім. Екінші рет ана атандым. Көп уақытымды қызыма бөлдім. Енді-енді қайта жұмысқа кіріспекпін. Себебі, көрермендерімді, жұмысымды, шығармашылық ортаны сағындым. Сахнаны сағындым. БІз туралы небір қауесет айтылды. Арман екеуі ажырасып кетті дегендер де бар. Бірақ бәрі жақсы. Арман екеуміз біргеміз. Ондай қауесеттер әрдайым айтыла береді", - деді актриса.
Аша Матай Арманның өзіне қалай сөз салғанын еске алып, қызықты жайттарды баяндады.
"Арман екеуміз қыз-жігіт болып кездесе ол маған ұнайды. Бір сәтте сусын алып келемін деп кинотеатрдан шығып кетті. Экраннан видео көрсетіле бастады. Осы сәтте біз туралы махаббат хикаясы айтылып кетті. Сосын Арманның өзі келіп, тұрмысқа шығуға ұсыныс айтты. Мен қобалжыдым. Бір жағынан қатты қуандым. Солай жауабымды айттым. Келісімімді бердім, Ол кезде гаухар тасты сақина сыйлаған еді. Кейіннен тола бастап едім, сақинас симай қалды", - деді Аша.
Аша Матай мен арманның үлкен қызы Асылым әртүрлі үйірмелерге қатысады.
"Асылымды көркем гимнастикаға бердік. Кейін одан жалықты. Жүзуге бердік. Барлығына барып көрді. Айым әлі кішкентай, сондықтан үйде өзіммен бірге", - деді актриса.