Аша Матайдың сексуалды екенін айтқан әншінің әкесі сынға қалды

Аша Матайдың сексуалды екенін айтқан әншінің әкесі сынға қалды

Әнші Арман Қоңырдың үйінде түсірілген “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасын тамашалаған халықтың дені Аша Матайды көп сөйлейтін келінге теңеді және қызын көп мақтаған әкесінің әңгімесін әбестікке санады.
Аша Матайдың әкесі “Обратная сторона” фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған қызына жалаңаш күйінде душқа түсетін эпизод жайында ұсыныс түскен сәтті дастархан басындағы жұрттың көзінше баяндап берді. Алғашында киноға түсуден бас тартқан Ашаға әкесі өз кеңесін айтқан.

“Сен перденің артында тұрасың. Түс. Онда тұрған не бар? Душтың ар жағында әдемі қыздың силуэті, оны бүкіл Қазақстан көру керек, киіммен емес, былай да әдемі екеніңді, сен біреумен құшақтасып, сүйісіп тұрған жоқсың, жалғыз өзің душқа түсіп тұрсың дедім. Көрсететін жерің бар екен, көрсет дедім “, – деп ағынан жарылды Ашаның әкесі.

Ал анасынан мұндай ұсынысқа деген пікірін сұраған журналиске әншінің анасы тағы бір “қызықты” жағдайды ортаға салды.

“Бір күні Аша сахналық көйлегін үйде ұмытып кетіп, концертке басқа көйлек киіп шығуына тура келді. Әлгі көйлегі қысқа болатын. Концерттен кейін әкесі Ашаны көріп, “қызым осындай көйлек киіп жүр, тағы да қысқарақ кисең, “сексуальный” боласың” деді. Міне әкеміз осындай “, – деді Ашаның анасы Бәтес.
Ашаның жұбайы Арман да, оның ата-анасы да бағдарлама барысында ұстамды болып, көсіліп сөйлеген жоқ. Тек келіндерінің ақжарқын екенін айта отырып, орамал тақпауға рұқсат бергенін айтып өтті.

Бағдарламаны теледидардан тамашалаған желі қолданушылары қос әншінің үйіндегі сұхбатты қызу талқыға салды. Бірі құдаларынан қысылмаған Ашаның әкесін сөксе, бірі тым көп күлген Ашаны сынауда.

“Бүкіл бағдарламаны қарасақ, Аша өте көп сөйлейді екен, күйеуі, қайын ағасы, енесінің алдында көп күле беретіні де ерсілеу ме, білмеймін, сізде шынайылықтан гөрі жасандылық басым сияқты. Ренжімеңіз”, – деп жазады Айнұр Сабыр есімді қолданушы.

Тыңдармандар Аша Матайға келіннің кішірейіп жүретінін, ерінен бұрын сөз бастамағаны дұрыс екенін жарыса жазуда.

nur.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста