Аша Матайдың ұзату тойына 400-ге жуық қонақ жиналды (фото, видео)
Танымал тележүргізуші Аша Матай Арман Қоңырбаевпен отау құрғалы жүргені бұған дейін хабарланған болатын. 19 қыркүйекте Ашаның ұзату тойы өтіп, оған 400-ге жуық қонақ жиналды.
“Біздің қарым-қатынаста алғашқы қадамды Арман жасады. Біз ешкімге жария қылмай қарым-қатынасымызды бастап көруге бел будық. Екеуіміз “кім бірінші ғашық болып қалатынына” бәстестік. Мен Арманға ғашық болуды жоспарламаған едім. Алайда, бірінші болып сүйіп қалып, сезімімді білдірдім. Екі-үш апатадан кейін ол маған бірінші болып ғашық болғанын, бірақ айтуға асықпағанын мойындады”, – деп сырымен бөлісті Аша Comode.kz басылымына берген сұхбатында.
«Ақ раушан» («Белые розы») мейрамханасында өткен ұзату тойына әншінің барша туыстары мен өнердегі əріптестері келді. Олардың ішінде Баян Есентаева, Сəкен Майғазиев, Мақпал Исабекова, Əділ мен Дана, Жанболат пен Жазира, Əсел Садуақасова, Ділназ Ахмадиева, Қайрат Нұртас, Салтанат Бақаева, Рано Омарова, Мадина Сəдуақасова сынды отандық жұлдыздар бар.