Асаба қызметінің де халал индустрияға айналғаны ма?

Асаба қызметінің де халал индустрияға айналғаны ма?

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті кәсіпкерлерге «Халал» сапалы 500 сертификат берді. Осындай сертификатқа ие болғандардың арасында асаба қызметінің халал түрін ұсынып отырғандар бар.
Қазақстандық халал индустрия қауымдастығының президенті Марат Сәрсенбаевтың айтуынша, өзгеше тұрпаттағы сертификатты ең бірінші болып, Астана қаласында түрлі концерттік шаралар ұйымдастыру қызметін ұсынатын Аlem.star продюсерлік орталығы алған. Халал индустрия қауымдастығы оны продюсерлік орталықтың тамақ өнеркәсібі үшін беріп отыр. Бірақ сертификатқа ие болған кәсіпкерлік нысанының оны өзінің басқа қызметтері үшін де пайдалана алады. Аlem.star-дың асаба қызметтеріне де халал стандартын теліп отырғаны сондықтан. Сөйтіп, бұған дейін «халал монша», «халал дүкен» дегендер шықса, енді «халал асаба» пайда болды. «Халал асаба» тойда дәстүрге айналған ұзын-сонар сөз беру, жөнді-жөнсіз әзіл-қалжың айту, ойындар ойнату рәсімдерінің орнына қонақтарға діни тәрбие беріп, түрлі хадистер айтатын көрінеді. Олар, тіпті, тойда ән айтып, би билеуді де шектемекші. Мұсылмандықты берік ұстанатындар ортасында мұндай асабаларға деген сұраныс бар екен.
Бірер жыл бұрын «Астанада халал су сатыла бастады» деген қауесет тараған болатын. Кәдімгі қара суды арнайы қондырғыдан өткізу барысында құранның кейбір аяттары оқытылады екен. Міне қызық! Егер шошқа етіне аят оқылса ше? Соңғы кездері жиі айтылып жүрсе де, үдеп бара жатқан осындай үрдіс алаңдатып отыр. «Халал» атауын тек пайда табу үшін пайдаланушылар көбейіп кетті. «Халал» ұғымымен халықты алдаудың артында не тұр?! Адалдық пен тазалық үшін қолданылуы керек қастерлі ұғым не себептен арзандап, қадірін жоғалтып барады?!
Оңғар Өмірбек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Иман» журналының бас редакторы:
–    Бұл жаңалықты бірінші рет естуім. Қазір «халал» деп сертификат тарату белең алып кетті. Мұсылман әр нәрсеге тек жақсы жағынан қарауы керек. Ойымыз сұлу болуы керек. Сондықтан да «халал асаба» болатын болса, ол халықты ізгілікке, имандылыққа шақырады деп ойлаймын. Қазіргі әндердің көбі – ұяттан жұрдай болған әндер. Ән айтылса, тек мағыналы, мәдениетті әндер айтылса деймін. Секіріп билейтін билер – қазаққа тіпті де жат дүние. «Халал асаба» халықты адамгершілікке, ізгілікке шақыруы тиіс. Оның спиртті сусындарға қарсы ұстанымы болатынына мен кәміл сенемін. Сондықтан да «халал асабаның» болуы дұрыс.
Аманхан Әлімұлы, ақын:
–    «Адал тамақ», «арам тамақ» деген сөз бар. Ал «халал асаба» деген сөзді өмірімде естімеппін. Тіпті кесіп айтатын болсам, ондай сөз қазақта жоқ. Біз қызық халықпыз ғой. Тірі адамға «халал» деген сөз қалай айтылады? Алдымен миға қонатын нәрсені айту керек. Ал егер тойда тойбастар, жар-жар, құттықтау сөз айтылмаса, би биленбесе, шат-шадыман думан болмаса, маған «халал асабаның» түкке де қажеті жоқ. Мұсылман болу – ең алдымен қазақ болу деген сөз. Өз ұлтыңның салт-дәстүрі әрқашан биік болуы тиіс!

Рүстем Қайыртай, айтыс ақыны, той-думан жүргізушісі:
–    Мен мұны бірінші рет естіп тұрмын. Себебі өзіміз қазақтың қарапайым тойын біраз жыл жүргізіп жүріп, «халал асаба» деген сөзді естімеппін. Ал негізінде, ақылы бар асабалар «халал» атауын арнайы алмай-ақ діни тұрғыдағы әңгімелер мен деректерді тойда айтуы дұрыс. Ал өзіме келсем, той жүргізгенде қауымның көңіліне қарап, барынша қазақы танымдағы той өткіземін. Ежелгі даналардың, жыраулардың, билердің айтқан сөздерін қосып, барынша рухани бай той өткізуге тырысамын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста