Асабалық өнер ме, бизнес пе?

Асабалық өнер ме, бизнес пе?

Асабасыз той өтпейтiнi белгiлi. Әуелi асабалықпен нәпақасын ажыратып, оны кәсiп көзiне айналдырғандар қаншама? О баста бұл өнер ретiнде қабылданса, бертiн келе бизнестiң көзi бола бастады. Мұндай пiкiрге қарсы болатындар да бар шығар, бiрақ бүгiнде ерiнбеген етi тiрi адамдар әккi асаба болып алып, кәдiмгiдей пайда тауып жүр. Осы орайда заңды сұрақ туындайды: асабалық өнер ме, бизнес пе?

Ерлан АЙТУАР:
БIР ТОЙДЫ 30 МЫҢ ДОЛЛАРҒА БАСҚАРДЫМ

Асабалық – қазақ халқында ежелден бар дәстүр. Бұрын үлкен ас пен тойды басқаратын асабалар ай бұрын сайланып, оның отын-суынан бастап, барлық жұмыстарына жауапты болатын. Ал қазiр заман жаңарып, жағдай жақсарғалы оның құзырындағы қызмет те жеңiлдеген. Мәселен, сойылатын мал, шақырылатын қонақ, отын-су жайы бүгiнгi асабалардың қызметiнде жоқ. Бiрақ халықты риза етiп, той иесiнiң көңiлiнен шығу –бүгiнгi тойбасылардың мiндетi. Бұл мiндеттi орындау екiнiң бiрiнiң қолынан келмейтiн шаруа, яғни таза өнер. Оны ақша табудың, немесе күнкөрiстiң көзi деп түсiну қате және сол бағытта пайдалану асабалар үшiн тазалыққа жатпайды.
Егер мен асабалықты ақша табатын кәсiп ретiнде пайдалансам, онда әлдеқашан миллионер болар едiм. Өйткенi осы жолда жүргенiме талай жыл болды. Тәжiрибем де жетерлiк. Оның үстiне суырып салма ақындығымның арқасында асабалық атым бүкiл Қазақстанға танылды. Тiптi 30 мың долларға бiр той басқарған кездерiм де болған. Әрине, бұл асабалығымның жемiсi ғой. Бiрақ мен оны кәсiп қылмадым. Қазiр әдеттегi орташа жалақы алатын жай ғана мемлекет қызметкерiмiн.
Алмат САҚАТОВ, «Бауыржан-шоу» театрының әртiсi:
ӨЗIМНIҢ ТҰРАҚТЫ БАҒАМ БАР

Қазiргi уақытта асабалық – бизнестiң бiр түрi болып кеттi. Өзiм мұнымен 2000 жылдан берi айналысып келемiн. Қазiр өнер адамдарының хал-жайы кiмге болсын белгiлi ғой, әсiресе, әншi, әртiстер үшiн той болмаса, күнделiктi нәпақа ажыратудың өзi қиын шаруа. Сондықтан көптеген өнер иелерi той жағалайды. Қолдарынан келгендерi асаба болады.
«Бауыржан-шоу» театры бiзге концерт қоятын кезде ғана жалақы бермесе, басқа уақытта әркiм өз жанын өзi бағады. Күнкөрiсiмнiң негiзгi жолы осы асабалық екенiн кiмнен жасырамын? Бұрындары 500 долларға да той жүргiздiк. Ал қазiр тұрақты бағам бар.
Қаржылық дағдарыс екен деп ешқашан бағамды өзгертудi ойлаған емеспiн. Мәселен, Мерседес маркалы автокөлiктердiң бағасы қаржы дағдарысына iлесiп арзандады ма? Әрине, жоқ. Ендеше, менiң де бағам сол сияқты бiр ғана көрсеткiштi ұстап тұрады. Дегенмен қалта көтермейтiндей биiк емес, қарапайым халықтың қолы жететiн баға.
Асхат ҚЫЛЫШБЕК, айтыскер ақын:
АСАБАНЫҢ ТАПҚАНЫ – АДАЛ АҚША

Асабалықтың бұрынғы қызметi қалай болғанын бiлмеймiн, қазiргi асабалардың көбiнде жаңалық бар. Айталық, осыдан бiр-екi жыл бұрын той басқарғыш тiлмәрлар асабалықты ақша табудың таптырмайтын қайнарына айналдырған болса, бүгiнгi күнi бұл имандылықты насихаттайтын жол болды. Яғни қазiргi асабалардың көбi халықты күлдiре берудi қойды, қайта осындай жақсы орайды пайдаланып исламдық жөн-жосық айтып жүр.
Жалпы, асабалықтың өнер екенi, онымен ақша да табуға болатыны рас. Той – бiреудiң адал қуанышы. Ендеше, адал iске араласып, адал ақша тапса несi айып?! Қуаныш тек жақсы тiлектер мен жақсы ырымға ғана арналуы тиiс.

Ә з i л
Ауылдың бiр қызы Астананың жiгiтiне тұрмысқа шығыпты. Қыздың әкесi құдаларынан 100 шақыру билетiн сұрайды, құдасы «менiң де шақыратын туыстарым бар» деп 70 шақыру билетiн ғана бередi. Қыздың әкесi 70 адаммен тойға келедi, той бiткен соң құдасы 70 адамды қонақүйге орналастырады. Қыздың әкесi құдасына «осы 70 адамға Астананы аралат» дейдi, құдасы аралатады, «ендi осы 70 адамды Бәйтерекке мiнгiз» дейдi, құдасы ұялғанынан мұны да iстейдi. Кетерiнде қыздың әкесi құдасына «ал құдеке, бiздi жақсылап күттiң, рақмет! Мына менiмен ерiп келген 70 кiсi жай келген жоқ, осы кiсiлердiң атынан мынау екi жасқа үш бөлмелi үй мен машинаны сыйға тартып отырмыз, қабыл алыңыз және осы 70 кiсiнiң атынан 70000 доллар ақшамыз бар едi, соны да қабыл алыңыз» дейдi. Ақшаны көрiп мәз болған құдасы: «ендi қалған 30 кiсi қашан келедi?» деп сұраған екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста