Асанәлі Әшімов Т. Жаманқұловтың қамауға алынуы туралы

Асанәлі Әшімов Т. Жаманқұловтың қамауға алынуы туралы

Кеше Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұловтың «Феникс» көркем фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражаттан 69 миллион теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Әлеуметтік желі мен қоғам белсенділері арасында Т. Жаманқұловтың ұсталуы қызу талқылауға түсуде. Пікір білдірушілердің бірі танымал актердың ұсталуын қандай да бір саяси интриганың салдары десе, бір топ қаржы жымқыру туралы жорамалға сенетіндерін айтуда. Qamshy.kz тілшісі осы оқиғаға орай пікірлерін сұрап бірнеше театр, өнер қайраткерлеріне хабарласқан болатын. Бір таң қаларлығы, хабарласқан азаматтардың дені аталған жағдайға байланысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер Асанәлі Әшімов Т. Жаманқұловтың ұсталуы туралы ештеңе айта алмайтынын айтты. «Білмеймін. Бұл туралы ешқандай хабарым жоқ. Білмеген соң не айтасың. Ештеңе айта алмаймын», - дейді А. Әшімов. Ал, тағы бір театр актеры Бекжан Тұрыс Алматы аумағынан тыс жерде жүргендіктен бұл хабарды енді естіп жатқанын, мән-жайға қанық еместігін айтты. Бұған дейін, Қазақстанның театр қайраткерлері одағының кезектен тыс жиынында А. Әшімов Т. Жаманқұловты Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында орын алған жағдай туралы пікірі үшін сынаған болатын.

qamshy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста