«Ашаршылық» қаралы тарихтан сыр шертеді

«Ашаршылық» қаралы тарихтан сыр шертеді

Шымкентте тағы бір де­ректі фильмнің тұсаукесері өтті. Бұл фильм қазақ халқына жа­нтүршігерлік алапат алып келген 1921-1922, 1930-1933 жылдардағы ашаршылық туралы сыр шертеді. Шәмші Қал­даяқов атындағы филар­мо­нияда көрерменге жол алған фильм өткен тарихтың бұқ­тырма беттерін көзге елестеткендей әсерде болды. Себебі ел есінде екі үлкен әлеу­меттік апат сақталып қал­ған. Алғашқысы – 1921-1922 жылдардағы, екіншісі – 1930-1933 жылдары болған ашаршылық. Көркем кар­ти­наның ерекшелігі: оқиға желісі Қазақстан, Ресей мұрағатта­ры­нан ізделініп, көп еңбекпен келген.

Еркін РАҚЫШЕВ, «Ашаршылық» деректі фильмінің режиссері:
– Бұл деректі фильм болғандықтан, оның мақсаты тың деректерді табу бол­ды. Мәскеуден мәлімет алу тым қиын­ға соқты. Ондағы кейбір партиялық құ­жаттарда: «Ашаршылыққа ұшыраған шақ­та қазақ халқының өзіне де обал жоқ. Мал баққаннан басқа қолынан еш­­теңе келмейді. Балық аулап, құс атып күн көруге болады ғой», – деген мас­қаралаулар да айтылған екен. Ал 1932 жылы Ресей үкіметі құпия қаулы шы­ғарған. Онда «Егер қазақтар бір құс ат­са немесе бір балық ауласа, сотталуы керек», – делінген. Міне, осындай қа­ра­­ма-қайшылықты дүниелерді түрлі жол­дармен басымызды қауіпке тіге оты­­рып, алып шықтық. Әрі деректі фильм­­ге енгіздік. Ашаршылық жыл­да­ры қазақ даласында көптеген көтеріліс бол­ған. Толық зерттелінбегені себепті біз оны біле бермейміз. Семейдегі Абы­ралы деген жерде халықтық кө­те­ріліс болған. Сонда орыс әскерлері қа­зақтың 9-11 жасар балаларын таспен, таяқпен ұрып, азаптап өлтірген. Міне, сонан Ілияс Жансүгіровтің «Қалың кісі, қатын-бала, Өне бойы қызыл ала, үсті басы жара-жара...» деген жыр жолдары қалған.

Иә, ашаршылық ұлтымызға зор қасірет әкелді. Тұқымы тұздай құрып жоғалуға ай­налған қара көздердің бір шоғыры шетел асуға мәжбүр болды. Қатыгез Ресей билігі сол бейкүнә жандардың талайын шекара асыр­май қырып салды. Тіпті кейбір де­рек­терде сол кездегі бірінші секретарь Чер­ненко бір мыңдай қазақты кескілеп, пы­шақ­тап өлтірген екен. Міне, біздің қасіретті та­рихымыз. Негізінен, 1930-1933 жыл­дар­дағы қолдан жасалынған нәубеттен жас балалар мен әйелдер көптеп қырылып, халқымызға демографиялық зардаптары ауыр тиді. Ресми деректерге сүйенер бол­сақ, 1921-1922 жылдары Қазақстан хал­қы 30 пайызға дейін азайған. 1930-1933 жылғы ашаршылық салдарынан 6 мил­лион қазақтан 4-ақ миллионы қалған.
Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ, Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры:
– Ашаршылық туралы фильм Тә­уел­сіздік жемісінің бір белгісі деп ой­лаймын. Егемендік алған күннің өзінде та­рихтың ақтаңдақ беттеріндегі көп дү­ние әлі жарияланбаған. Бұл фильм бү­гінімізбен сабақтасқан өткен та­ри­хы­мызды ұмытпау үшін болашақ ұрпаққа аса қажетті фильм деп есептеймін. ХХ ға­сырда жер бетінде қасірет шеккен қа­зақтай халық кемде-кем шығар. Біз болсақ сол зарлы жылдардың ақиқатын айтып беруге әлі де енжарлық танытып келеміз.

Қазақ тарихындағы ең қаралы, ең қа­сі­ретті кезең – 1932-1933 жылдар – хал­қы­мыздың тең жарымын, бәлкім, онан да көбірек бөлігін жалмап кеткен зұлмат. Қа­зір бұл сұмдық заманды баяғы ақтабан шұ­бырынды, Алқакөл сұлама оқи­ға­сымен жалғастырып жатады. Онда да қазақ халқы ауыр шығын тартқаны белгілі. Қал­ған ел қонысынан ауып, жан-жаққа бы­тыраған, қаншама қиындыққа ұшы­раған. Бірақ Ақтабан-Шұбырынды жау­гер­шілік кезіндегі ауыр жеңіліс нәтижесінде тап болған бақытсыздық еді. Ал қолдан жасалынған нәубеттің зардабы мұнан да ауыр болды.
Даланың түз тағысы қасқыр да өз ба­уыр еті бөлтірігін, тіпті үйірлестерін жеуге қи­майды. Ал кесапаты мол кеңестік кезең қара қазақтың өз етін өзіне жегізді. Тоқ­сан­ға келген қарияның аузынан естіген е­с­те­лігінде былай делінеді:
– Кішкентай кезім, аштықтан отба­сы­мыз түгел қырылып, қарындасым екеуміз қа­рын­ның қамымен кеттік. Бір күні ауылды жа­ғалап кетіп бара жатқанбыз. Сонадайдан бір шұрық тесігі шыққан киіз үй көрінді. Талғажау етер азық берер деген алдамшы үмітпен үйге жа­қындай түстік. Көздері қан­та­лаған бірнеше ересектеу адам қа­рын­дасымды қолынан жетектеп үйге ала жөнелді. Ізінше киіз үйге кі­ремін дегенше, қарындасымның құлын­даған даусы шықты. Жанұшыра үйге енге­нім­де үй ішіндегі қара тайқазанда қара су қай­нап тұр екен. Әлгілер қарындасымды сол қа­ра суға салып жіберіп, шетінен жұлмалап жа­­тыр екен. Міне, сол жантүршігерлік қасірет әліге дейін көз алдымнан кетер емес. Күні бүгінге дейін бір түйір дән үшін жанымды беруге дайынмын.
Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) айтқан Ор­та­лық Азиядағы халық саны жағынан көш ба­сындағы «Әлхамдулилла, алты миллион қа­зақ», міне, осылайша демографиялық қы­зыл сы­зыққа шегініс жасады. Кеңес үкі­ме­тінің көзіне шыққан сүйелдей қо­раш­та­нып, баудай қырылып кете барған. Фильм осы қанды естеліктерді дәлелдей түс­кен­дей.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста