«Асау толқын» – жастар әлемі

«Асау толқын» – жастар әлемі

Жуырда Көкшетаудағы «Паң Нұрмағамбет» киностудиясы «Асау толқын» атты жаңа толық­метражды көркем фильмді түсіріп бітті. Фильм сценарийінің авторы әрі қоюшы режиссері ақын, драматург, «Паң Нұр­ма­ғам­бет» киностудиясының көр­кемдік жетекшісі Баянғали Әлім­жанов болса, продюсерлері – Ма­рат Нәбиев және Арнұр Нұрқатов.
Картина қазіргі қоғам, бүгінгі жастар және қылмыс әлемі жайында. Басты рөлдердегі Баянғали Әлімжанов, Данияр Тұранов, Гүлнұр Қожанова, Данияр Құлмағанов, Жансая Сейітғалиевалар кейіпкерлерді нанымды бейнелей білген. Фильм Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогика­лық колледжінде түсірілсе, әртістердің дені – Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің студенттері.
Баянғали ӘЛІМЖАНОВ, «Асау толқын» фильмі сценарийінің авторы әрі қоюшы режиссері:
– Жастар туралы тартысты, қызықты фильмде заманымыздың өзекті адамгершілік мәселелері қозғалады. Фильм жастарға тікелей тіл қатып, сауал қоя отырып жақсылық пен жамандық, таңдаған өмір жолының мағынасы туралы ойларын оятуға тырысады. Бұл  үлкендердің жастарға: «Қайда барасыңдар? Кім болып бара жатырсыңдар?» деген жанайқайы сияқты. Негізгі әңгіме – қатыгездік, рэкетирлік жолға түскен колледж студенттері мен олардың зорлығына қарсы шыққан жас ғашықтар туралы. Әртүрлі өмір жолын таңдаған жастардың бітіспес қақтығысы ауыр жағдайларға әкеліп соғады. Әйтеуір, үзілмей қалған нәзік үміт қана көңілге медеу болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста