Әсел Сәдуақасова: Бір ауыз сөз өмірімді өзгертті

Әсел Сәдуақасова: Бір ауыз сөз өмірімді өзгертті

Отандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова өмірге деген көзқарастарын өзгерткен жайт туралы айтты. Демалмастан еңбек етіп, тыным таппаған актрисаның денсаулығы сыр бере бастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Актриса өзінің Instagram желісіндегі парақшасында ағынан жарылды. Өнер иесінің айтуынша, қазіргі таңда ол өзіне көңіл бөліп, өмірлік құндылықтарын қайта қараған. Оның басты себебі - денсаулығының нашарлауы.

 

"Менің бұлай өзгеруіме не себеп? Күнде маған оқырмандардан осындай сұрақтар келеді. Неліктен ерте тұрамын? Психологияны неге зерттей бастадым? Қазіргі күйіме қалай келдім? Алдымен бұған дейін не болғанын, мні өзгеріске не итермелегенін айта кетейін. Мен, шынымды айтсам, тыным таппай еңбек еттім. Кинотуындыларға түсіп, өз тыңдармандарыма ән айтудан жалықпайтынмын. Бірақ күн өткен сайын жағдайым нашарлап кеткенін сездім. Ұйқым бұзыла бастады. Тіпті мүлдем ұйықтамайтын болдым. Етеккірім де бұзылды. Нәтижесінде, күйзелістен 12 келі салмақ қостым. Ештеңеге зауқым соққан жоқ. Әдемі киім кию, өзіме қарау мүлдем көмектескен жоқ. Тіпті айнаға қарағым келмейтін еді", - дейді актриса.

 

Садуқасованың айтуынша, дәрігердің бір ауыз сөзі оны тәубесіне келтіріп, денсаулығы мен өміріне деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік берген.

 

"Дәрігерімнің "Бұл түріңізбен әрі кетсе, бір жарым жылға шыдайсыз", - деген сөзі барлығын өзгертті", - деп жазды ол.

 

 

Айта кету керек, бүгінде Әселдің желідегі оқырмандары оның өзгеріп кеткенін жиі жазуда. Актриса әсерлі жазбалар жазып, таңғы бесте тұрып жүргенін жеткізді.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста