Әселдің ән шеруі

Әселдің ән шеруі

«Алаш айнасы» газетi мен Қазақ радиосының бiрлескен жобасы

«Ән–шеру» бағ­дар­ламасы
Авторы: Әсел Ергешқызы
Хабардың тiкелей толқындағы уақыты: 101 ҒМ, сенбі күні сағат 22:00

«Әселдің ән шеруі» («Алаш айнасы» газеті мен Қазақ радиосының бірлескен жобасы) айдары арқылы оқырманның назарына ән мен әншілерді танысты­руды жалғастырамыз.
Шарты:
Айдарымыздың өткен шығарылымын­да ескерткеніміздей, әр айналымға сегіз жаңа ән қатысып, бақ сынайды. Қатысу­шы­лар жа­сы­на шектеу қойылмаған.
Сүйікті әніңізге Қазақ радиосының сайтында дауыс беруге мүмкіндігіңіз бар!
www.kazradio.kz (сілтемесі http://www.kazradio.kz/kaz/more/ansheru/)
Сон­дай-ақ әр сенбі сайын кешкі сағат 22:00-де басталатын тікелей эфир бары­сында 8 /717/ 255 33 55 байланыс теле­фо­ны арқылы да хабарласа аласыз!
«Алтын қорды» толықтыруға үлес қосыңыз
Жалпы, дауыс саны бойынша 60 па­йыздан астам тыңдаушыға ұнаған ән көр­кем­дік кеңестің шешімімен Қазақ радио­сы­ның «Алтын қорына» қабылданып, ар­найы тіркеуге алынады. Ал ән 80 пайыздан артық тыңдарманның дауысына ие болса, Халықаралық «Дала дауысы» радио­фес­тивалінің жартылай финалына қаты­суға жолдама алады.

Сонымен, 16-айналымда бақ сынап жат­қан ән мен әншілер тізімі:
Қанат Үмбетов — «Анашым»
әні мен сөзі: Жақсыбек Қалелбек
Ғани Мәтебаев — «Бір арман»
әні: Әуезхан Салабеков, сөзі: Серік Томанов
«Жігіттер» квартеті — «Жылдар, жыл­дар...»
әні: Ержан Серікбаев, сөзі: Бақытжан Ауданбаев
Роза Әлқожа, Әбдіжаппар Мәлік — «Қазақия»
әні: Роза Әлқожа, сөзі: Мұқағали Мақатаев
«Серілер» тобы — «Ауылым»
әні: Болат Есмұханов, сөзі: Алмас Темір­бай, Талант Арғынғали
Әйкерім Қалаубаева — «Құрбым»
әні: Арман Дүйсен, сөзі: Айсәуле Бей­сен­хан
Алмас Кішкенбаев, «Ви-Әлем» тобы — «Кең дала»
әні: Алмас Кішкен­баев, сөзі: Ринат Зайытов
Қуаныш Құрманбаев — «Қарлы­ға­шым менің»
әні мен сөзі: Бекжан Әшірб­аев.

«Алаш айнасы» газетінің өткен сәрсен­бі­дегі шығарылымында Ән шеруде бақ сынап жатқан Ғани Мәтебаевтың орында­уындағы «Бір арман», Роза Әлқожа мен Әбдіжаппар Мәліктің «Қазақия» және Қуа­ныш Құрбанбаевтың репертуарындағы «Қарлығашым менің» әндері жайында оқырманға мағлұмат берген едік. Ендігі кезекте...
«Жылдар, жылдар...»
Бұл – «Жігіттер» квартетінің ән қоржы­нына енген жаңа әндердің бірі. Авторлары – Ержан Серікбаев, Бақытжан Ауданбаев. Ә дегеннен тыңдаушысын еліте жөнелетін лирикалық ән Қазақ радиосы арқылы тың­даушыларын тапты. Әннің тұла бойы­нан өткен күндердің жаңғырығын табуға болатындай. «Арман-жолдар жылдан-жыл­ға жалғасып жатқанымен, өткеніміз бә­рі­бір жүректе сағынышын қалдыра бере­ді», — дейді авторлар ән мазмұнында. Тың­дау­шылар дауыс беруде белсенді. Де­генмен ән әлі де қолдауларыңызды күтеді.
Мырзахан МАХАНОВ, «Жігіттер» квартетінің әншісі:
— Бұл — Ерекеңнің ертеректе жазған әні еді. Туынды Айдардың қолына түсіпті. Таспаны тыңдап көрдік. Ержан ағаның өзі орындаған екен. Жүректі әнші еді ғой, жарықтық. Өнерге икемі бар жас­тар­ға бағыт-бағдар беріп жүруші еді, мар­құм. Неге мұндай тақырыпқа ән жазды екен? Ол кімді ойлады? Кімді сағынды? Ән кілт үзілген тұста «... осы күні Ерекеңнің өзі сағынышқа айналған екен-ау» деп топшыладым.

Құрбым
Әй-Керім Қалаубаева бұған дейін де біз­дің ән шеруімізге «Сағатқа сыр», «Гүл­дер» әнімен қатысып, тыңдаушылардан өз бағасын алған еді. Бұл жолы ол «Құрбым» әнімен бақ сынап жатыр. Авторлары – Ар­ман Дүйсен, Айсәуле Бейсенхан. Тыңдау­шылар көкейіндегі сауал: «Әннің өз өмір тарихымен сәйкестігі бар ма?»
Әй-Керім ҚАЛАУБАЕВА, әнші:
— Бұл әнді мен бір жыл бұрын тыңдап қалып едім. Арман Дүйсенов гитараның сүйемелдеуімен «Сен де бір, мен де бір, ол да бір...» деп ыңылдап қана орындап берді, ол кезде әннің мәтіні де жоқ еді. Ән – жалғыз менің еңбегім емес, автор­лардың, өңдеуші, музыкант Әсет Маса­баев­тың ізденісінің жемісі. Бұл менің сіңлілеріме, замандас құрбыларыма ән­мен жеткізген кеңесім ғана. Жеке өмі­ріме ешқандай қатысы жоқ.

Ән шерудің 16-айналымында бақ сынап жатқан өзге де әндер жайындағы ақ­параттар айдардың келесі шығарылы­мында жарияланады. Ең бастысы, Алаш­тың үздік әнін бірге анықтайық!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста