Әселдің ән шеруі

Әселдің ән шеруі

«Алаш айнасы» газетi мен Қазақ радиосының бiрлескен жобасы

«Ән-шеру» бағ­дар­ламасы
Авторы: Әсел Ергешқызы
Хабардың тiкелей толқындағы уақыты: 101 ҒМ, сенбі, сағат 22:00

Арнасы: Қазақ радиосы  
Эфир уақыты: сенбі, 22:00
Ұзақтығы: 60 минут
Хабардың тілі: қазақша
Форматы: тікелей

17-айналымда  бақ сынап жатқан әндер тізімі:
Әлихан Дүйсенбай – «Ажарлым»
әні, сөзі: Айбек Тәңірбергенов
Салтанат Бегулина – «Бақыт сыры»
әні: Құралай Қырықбаева                          
сөзі: Өлмес Рахымбаева
Еркін Нұржанов – «Неліктен?»
әні: Ербол Спанәлиев                                   
сөзі: Еркін Нұржанов
Гүлден Жұмабай – «Ақ кербез»
әні: Құрман Әкпәрияұлы                            
сөзі: Исрайыл Сапарбай
Жанболат Ербатыров – «Ғашықтар бақыты»
әні: Арман Дүйсенов                                  
сөзі: Ринат  Зайытов
Жазира Байырбекова – «Қыз ұзату»
әні: Ербол Байырбеков                              
сөзі: Айнұр Тұрсынбаева
Құрмаш Маханов – «Ақ гүлім»
әні: Құрмаш Маханов                                 
сөзі: Мұқағали Кенжетай
Жанболат Бектұрғанов – «Ардағым-ай»
әні, сөзі: Жанболат Бектұрғанов

Дауыс беру басталды. Сенбінің кешінде тың­даушылар өз таңдауын жасады. 15-айналымның жеңімпазы атанған  дәс­түр­лі әнші, халықаралық ән байқау­лары­ның жеңімпазы Гүлден Жұмабай бұл жолы тағы бір жаңа әнін тыңдаушыға ұсынып отыр. Көпшілікке үкілі домбырасымен жақсы таныс талантты термеші  Әлихан Дүйсенбай да «Ажарлым» әні ар­қылы эстрада жанрынан да қара жаяу емес­тігін, орындаушылық шеберлігін дә­лел­дей түсуде. Тамаша орындау, Сырдың өзіне тән иірімі байқалатын ән тыңдау­шыларды белсенді болуға шақыратындай.  Жұлдызды жұп – Жанболат пен Жазира алғаш рет бір додада жеке әнші ретінде бақ сынауда. Жанболат ғашықтардың бақытын жырлап, сүйіктісіне деген сезімін әнмен жеткізсе, Жазира  бағын тауып, өз жұртына аттанар қыздарға бақыт тілейді. Әнші Еркін Нұржанов ән шеруіміздің 17-айналымында ақындық қырынан та­нылуда. Ән мәтінін өзі түзген Еркін туынды­ны талғампаз тыңдаушының талғамына салып отыр. Ұнаса, таңдау жасауды ұмытпаңыз! Репертуарына ән талғауда, үлкен сахналарда өнер көрсетуде аса асығыстық танытпайтын Салтанат Бегули­наның «Бақыт сыры» әні де осы айналым­да. Үнемі өзінің бақытты екенін әнге қосатын әнші бұл жолы да бағытынан айнымады. Құрмаш Маханов — әуел бастан-ақ өзінің сырға толы әндерімен тыңдаушының жүрек қылын шерткен әнші. Соңғы уақыттарда өзінің де, әнінің де стиліне өзгеріс енгізген  Құрмаш «Ақ гүлім» әнін барша аруларға арнайды. Және бұл додада «Ардағым-ай» әнімен жас әнші Жанболат Бектұрғанов та бар. Рас, есімі аса таныс бола қоймаса да, өнерге деген талпыныс, іңкәрлік Жанболаттың осы әнді орындауына ықпал еткен көрінеді. Ән шерудің алғашқы аптасында Гүлден мен Жазира үздіктер тізімін бастады. Әндер тақырыптас, сарындас. Сондықтан болар, тыңдаушылар «ә» дегеннен «Ақ кербез» және «Қыз бақыты» әндеріне қолдау білдіріп жатыр. Барлық тыңдаушы­лары­мызды белсенді болуға шақырамыз. Әндердің толық нұсқасын Қазақ радиосы сайтының негізгі бетіндегі «Ән-шеру» бөлімінен тыңдай аласыздар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста