Әшімбаев мұражайы жаңа кітаптармен толықты

Әшімбаев мұражайы жаңа кітаптармен толықты

Небары 44 жыл ғұмыр кешіп, есімін өшпестей етіп кеткен талантты сыншы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың атында мектеп бар. Ол – Райымбек ауданы, Жамбыл ауылындағы өзінің білім алған алтын ұясы. Осы мектептің үлкен бір бөлмесі мұражайға айналдырылған. Онда әйгілі қаламгердің үй кітапханасынан алынып, сыйға тартылған 5000-ға жуық кітап пен өзі киген киімдері, тұтынған заттары, жүздеген суреттері, жарық көрген шығармалары қойылған. Жуырда мұражай мүлкі тағы да қымбат жәдігерлермен толыға түсті.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Сағат ағамызды айналып өтпеген. Оған нақты мысал – сол бір қасіретті күндерде алаңда болған қақтығыстарды телеоператорға түсіртіп алуы және сонымен ғана шектелмей, жазықсыз жазаланған қыз-жігіттердің тағдырына араласуы. Бұл туралы «Алматы 1986 Желтоқсан» айғақ-кітаптарында және өзге де басылымдарда көп жазылған. Мәселен, айғақ-кітаптың төртінші томына ол кісінің күнделік жазбаларынан «17-18 декабрь! 1986 жыл! Мен бұл күндерді ұмытқан күні ұлт намысы деген ұғымды да ұмытатын шығармын. Ал оны ұмытқан жерде барыңнан да жоғың жақсы» деген сөзі эпиграф ретінде алынған.
«Тоғанай Т» баспасының директоры, белгілі жазушы, желтоқсан оқиғасы туралы зерттеп жүрген баспагер-публицист Талғат Айтбайұлы Әшімбаев мұражайына әзірге айғақ-кітаптың жарық көрген бес томын тапсырса, ҚР Мәдениет қайраткерлері, темірші ұсталар Махмұд Құлментегі мен Айтберген Жетенұлдары С.Әшімбаевтың суреті мен Желтоқсан көтерілісіне бай­ланысты жазған жалынды сөзін кіреберіс қабырғаға ілетіндей көрнекті етіп жасап берді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста