«Әскердің анасына» қамқорлық жасалды

«Әскердің анасына» қамқорлық жасалды

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Ынтымақ елді мекеніндегі «Әскердің анасы» ескерткіші жөндеуден өтті. Соғыста қаза тапқан майдангерлер мен оларды сағынып, өмірі өксіп өткен аналарға қойылған мемориалды қалпына келтіру – № 68 303 әскери бөлім қызметкерлерінің бастамасы.

Әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Сатыбалды Жексембаевтың хабарлауынша, әскерилер ескерткішке косметикалық жөндеу жасады. Талай жыл сыры кетіп, сылағы түсіп тұрған мемориалдық белгінің бар кем-кетігі бүтінделді. Қоршаулары қайтадан дәнекерленіп, көгалдары жаңарды, ескерткіш маңына жасыл желек отырғызылды. Ынтымақ ауылының ең қастерлі орындарының бірін жөндеуге Жамбыл аудандық жер комитетінің мамандары мен жергілікті шаруа қожалығының басшысы Айдар Әбжапаров та қол ұшын берді. Бұл өңірден майданға аттанған азаматтар аз болған жоқ. Олардың қатарында Тұрысбек Садықов, Сәтке Амандосов, Дәуіт Елубаев, Атандық Сәдібеков, Сәдуақас Дүйсебаев, Нұрғазы Амандосовтар бар. Ынтымақтық майдангерлердің дені сұрапыл даласынан оралмаған. Сол себепті ауылдың қақ ортасындағы «Әскердің анасы» сүйегі жырақта қалған боздақтарға мәңгілік тағзым етер киелі ескерткіш болып қала бермек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста