Әскерге бармаған "майтабан" әнші жігіттер
Отан қорғаушылар күні қарсаңында отандық өнерпаздардың заңсыз әрекеттері мәлім болды. Мәселен, Дидар Кәден дәл қазіргі таңда іздеуде жүрген көрінеді. Әнші жігіт әскерге бармаған, 27 жастан асса да билетін алмаған.
Қатардағы жауынгер атанып, отан алдында борышын өтеу, кезінде бала Дидардың да арманы еді. Бірақ өнер жолын таңдаған жас өрен, әскерге аттанар уақытта білім қуып, кейін шаңырақ көтереді. Сондықтан болар, сарбаздармен сап түзеудің сәті түспепті.
Алайда, 27 жаста «ақ билет» алуі тиіс әнші жігіт, биыл 28-ші туған күнін тойламақ. Бірақ заңды құжатын рәсімдеуге асығар емес. Әлде жауапты іске құлықсыздық танытқан Кәденнің көкелері көп пе?
«Күніне бір 4 сағат қана ұйқыға уақытым бар да. Сондықтан ағаларымыз түсінетін шығар деген ойдамын. Бірақ барып барлық медициналық тексерістен өтіп, кәдімгідей алуым керек енді» дейді әнші, актер Дидар Кәден.
Керменбаев та әскердегі өмірді көзбен көрмеген. Ел алдында қызмет етуге бекінген Нұржанның жоспарын жанұясындағы жайсыз жағдай өзгертіп жіберген.
«Жоқ, мен әскерге барған емеспін түрлі-түрлі себептермен. Біріншіден әкем қайтыс болды. Содан кейін үйдің үлкені болып қалдым. Былайша айтқанда 27-ден кейін ол кісілер іздемейді екен ғой» дейді Нұржан Керменбаев.
Салмақ пен бойлары әр түрлі жігіттерден жасақталған бойзбендтің біреуі де әскерге бармаған. Сылтаулары да сан түрлі.
«99» тобы: «Негізі 17 жасымда «годен» болған едім. Одан кейін «не годен» болып кеттік. Салмақ өсіп кетті деген сияқты. Бірден бойым мен салмағым өсіп кетті.
Маған балалар қалжыңдап айтатын: «Сені әскерге барған кезде, бәрібір танк бөліміне алады» - деп ше. Өзім танк айдауға дайындалып жүргенмін. Бірақ шақыру келмеді» дейді жігіттер.
Бұл жігіттердің берген жауаптары жалған болып шықты. Алғашқыда әңгімені әзілмен бастаған «99»-дықтар, сұхбаттың соңында шындықты айтты.
«Мынаны кім алады әскерге, мынаны кім алады – майтабан. Мынаның түріне мүлдем қарамай-ақ қойыңдар. Мені кім алады? Жалпы, бізде майтабан! Сосын ешкім алмайды» десті.
Бұл өнерпаздардың әскердегі арманы орындалмағанымен, соңынан ерген інілері айтар ақыл-кеңесін аянып қалмақ емес.